Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 163 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 маусымда № 3335 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы № 167 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізімін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 тіркелген және «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 69 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасындағы:
      «Өзендер:» деген кесте мына мазмұндағы 11, 12, 13 тармақтармен толықтырылсын:
«

11

Қара Қобда

138

12

Қиыл

193

13

Сазды

40

»

      «Көлдер:» деген кестеде 39, 50, 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65 деген тармақтар алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             Е. Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады