Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.11.29 № 426 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 09-13/100 ұсынысы негізінде картоп күйесі анықталған ошақтарды жою мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданының Алға қаласындағы № 23 саяжай учаскесіндегі 0,7 гектар аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына Алға ауданы әкімімен бірлесіп картоп күйесінің таралуы ошақтарын оқшалау және жою жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ.Өмірзақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.Сағындықов