Алға ауданының Алға қаласы аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақты анықтау туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 26 тамыздағы № 268 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте № 3344 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 426 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2012.11.29 № 426 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы № 344 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 09-13/100 ұсынысы негізінде картоп күйесі анықталған ошақтарды жою мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданының Алға қаласындағы № 23 саяжай учаскесіндегі 0,7 гектар аумағында карантин режимін енгізе отырып карантиндік аймақ белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясына Алға ауданы әкімімен бірлесіп картоп күйесінің таралуы ошақтарын оқшалау және жою жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ.Өмірзақовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                               Е.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады