"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Атаусыз көшелерге:
"Авиатор - 2" орамындағы атаусыз көшеге Сұлтан Аманғосов;
"Заречный - 2" тұрғын алабындағы атаусыз көшеге Ахмет Ескендіров атаулары берілсін.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Ақтөбе қаласының кейбір көшелері:
Селиверстов көшесі - Тілеу батыр көшесі;
Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданындағы Тихая көшелері: Жиембет жырау, Жеңімпаз, Желкен, Жетіген атауларымен қайта аталсын.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі |
Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Мұхамбетов | К. Цхай |