Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 139 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 272 "Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5901 болып тіркелген), Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 166 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 281 "Ақтөбе қаласының құрылған аудандарына атау беру туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5908 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулысының және шешімінің қосымшасына сәйкес Ақтөбе қалалық әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. "Ақтөбе қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен қаулыны және шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулыны және шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен қаулыны және шешімді Ақтөбе қалалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі | І. Испанов |
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
Т. Хамитов |
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы |
С. Шынтасова |
Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2018 жылғы "28" тамыздағы № 5464а бірлескен қаулысына және Ақтөбе қалалық мәслихатының 2018 жылғы "28" тамыздағы № 366 шешіміне қосымша |
Ақтөбе қалалық әкімдігінің кейбір бірлескен қаулыларына және Ақтөбе қалалық мәслихатының шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 868 қаулысына және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 60 "Ақтөбе қаласындағы кейбір көшелерді қайта атау, қала аумағындағы елді мекендердің және шағын аудандардың атаусыз көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-87 болып тіркелген, 2008 жылғы 8 мамырында "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша:
"Благодар селолық округінің" деген сөздері "Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының" деген сөздерімен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша:
"селосының" деген сөздері "ауылының" деген сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі бірлескен қаулысының және шешімінің 5-тармақта:
"аула" деген сөз "села" деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"7. Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Кеңес Нокин ауылының көшесіне "Достық" атауы берілсін.";
"Қарғалы селолық округінің" деген сөздері "Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының" деген сөздерімен ауыстырылсын.
2. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 22 шілдедегі № 1766 қаулысына және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 179 "Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және елді мекен кейбір көшелерін қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-117 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 тамызында "Ақтөбе" газетінде жарияланған) бірлескен шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақта мына:
"Қарғалы селолық округінің "Ақжар" селосының атаусыз көшелері:" деген жол келесі редакцияда жазылсын:
"Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданының Ақжар ауылының атаусыз көшелері:".
3. Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі № 273Ш шешіміне және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 2163Қ "Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-139 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 тамызында "Ақтөбе" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Атаусыз көшелерге:
"Авиатор - 2" орамындағы атаусыз көшеге Сұлтан Аманғосов;
"Заречный - 2" тұрғын алабындағы атаусыз көшеге Ахмет Ескендіров атаулары берілсін.";
"Қарғалы селолық округіндегі" деген сөздері "Ақтөбе қаласы "Алматы" ауданындағы" деген сөздерімен ауыстырылсын.
4. Бірлескен Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 3573ақ қаулысына және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 305ш "Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-148 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 қаңтарында "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшада:
"поселкесіндегі" деген сөз "орамындағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша:
"селосының" деген сөздері "ауылының" деген сөздерімен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі бірлескен қаулысының және шешімінің 1-тармақтың 11) тармақшада:
"аула" деген сөз "села" деген сөзбен ауыстырылсын;
"имени" деген сөз алып тасталсын.