Ескерту. Бірлескен қаулысының және шешімінің бүкіл мәтін бойынша қазақ тілінде "ауылының" деген сөздері "ауылының" деген сөздерімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 13 бабының 4 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне:
1) "Авиатор-2" орамындағы атаусыз көшеге: Ұшқыштар;
2) "Елек" ауылының атаусыз көшелеріне: Несібе, Білім, Мұрагер, Қайсар, Сарбаздар, Шаттық, Сәттілік, Керуен;
3) "Россовхоз" ауылының атаусыз көшелеріне: Шеберлер, Кәусар бұлақ, Ұйымшыл, Мейірбан;
4) "Жаңақоныс" ауылының атаусыз көшелеріне: Құрылысшы,0 Ардагер, Салауат, Татулық, Егінді, Дәулет, Үш қоңыр, Саяхат, Табыс, Таңшолпан, Өркен, Ынтымақ, Манас, Күмбезді, Сәулет, Руханият, Дәстүр, Нұрлы, Қамқоршы, Толағай, Ер Төстік, Инабат;
5) "Құрашасай" ауылының атаусыз көшелеріне: Жұлдыз, Бостандық;
6) "Ақжар" ауылының атаусыз көшелеріне: Жібек жолы, Ерлік, Сүмбіле, Мәртебе;
7) "Мағаджан" орман шаруашылығы ауылының атаусыз көшелеріне: Жетісу, Өркениет, Қауымдастық, Қызғалдақ, Алтын дән, Теректі, Аққайың;
8) "Ақшат" ауылының атаусыз көшелеріне: Ақниет, Шуақ;
9) "Белогорка" ауылының атаусыз көшелеріне: Мереке, Жауқазын;
10) "Белогорский карьер" ауылының атаусыз көшесіне: Ақтау;
11) Кеңес Нокин ауылының атаусыз көшелеріне: Кемеңгер, Жігер, Балауса, Үркер, Аманат, Ұлан, Серуен;
12) "Қызылжар" ауылының атаусыз көшелеріне: Мамыр, Жас дәурен, Құндызды;
13) "Өлке" ауылының атаусыз көшесіне: Байтақ;
14) "Садовое" ауылының атаусыз көшелеріне: Парасат, Бәйшешек, Сүйінші, Жемісті;
15) "Украинка" ауылының атаусыз көшелеріне: Ұлағат, Қайнар;
16) "Шилісай" ауылының атаусыз көшелеріне: Сабырлы, Аруана атаулары берілсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 28.08.2018 № 5464а және Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 28.08.2018 № 366 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе қаласының әкімі |
Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы |
А. Мұхамбетов | А. Шахаров |