Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 112 "Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сілтеме алынып тасталсын.
2. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 112 "Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-83 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 29 (4471) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Екінші тармақтағы "15000" саны "20000" санына өзгертілсін.
3. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Жұмағазиев |