Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 112 "Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 5 ақпандағы № 36 қаулысы. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 наурызда № 3-6-99 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 120 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 21.04.2017 № 120 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 112 "Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сілтеме алынып тасталсын.
      2. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 18 мамырдағы № 112 "Халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулысына (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-83 тіркелген, аудандық "Қарғалы" газетінің 2009 жылғы 11 маусымдағы № 29 (4471) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Екінші тармақтағы "15000" саны "20000" санына өзгертілсін.
      3. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М.Жұмағазиев

О внесении изменений в постановление акимата от 18 мая 2009 года № 112 "О дополнительных мерах по содействию занятости населения"

Постановление акимата Каргалинского района Актюбинской области от 5 февраля 2010 года № 36. Зарегистрировано Управлением юстиции Каргалинского района Актюбинской области 15 марта 2010 года № 3-6-99. Утратило силу постановлением акимата Каргалинского района Актюбинской области от 21 апреля 2017 года № 120

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каргалинского района Актюбинской области от 21.04.2017 № 120 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 5, 7, 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 "О занятости населения" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Исключить из постановления акимата района от 18 мая 2009 года № 112 "О дополнительных мерах по содействию занятости населения" ссылку на постановление Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года № 264 "О мерах по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года "Через кризис к обновлению и развитию".
      2. Внести в постановление акимата района от 18 мая 2009 года № 112 "О дополнительных мерах по содействию занятости населения" (зарегистрированное в государственном реестре нормативных правовых актов за № 3-6-83, опубликованное от 11 июня 2009 года в районной газете "Каргалы" за № 29 (4471)) следующее изменение:
      во втором пункте цифру "15000" заменить на цифру "20000".
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Тынымгереева И.Д.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Аким района
М.Джумагазиев