Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 22 ақпанында 3-10-123 санымен тіркелген, 2010 жылы 12 наурызда "Темір" газетінің № 12 санында жарияланған аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы" 1 тарауының 5 тармағындағы "10 (он)" деген саны "5 (бес)" деген санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрағасы: | хатшысы: |
Б.ДӘНДІБАЕВ | Н.ӨТЕПОВ |