Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 218 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қаңтарда № 3-10-139 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 ақпандағы № 84 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 17.02.2017 № 84 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес Темір аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 22 ақпанында 3-10-123 санымен тіркелген, 2010 жылы 12 наурызда "Темір" газетінің № 12 санында жарияланған аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы № 179 "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімімен бекітілген "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы" 1 тарауының 5 тармағындағы "10 (он)" деген саны "5 (бес)" деген санымен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы: хатшысы:
      Б.ДӘНДІБАЕВ Н.ӨТЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады