Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 7-14 шешімімен
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1.Қоса берiлiп отырған Байзақ ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
2.Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
С. Молдабеков А. Унетаева
Байзақ аудандық мәслихатының
2010 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 36-13 шешiмiмен бекiтiлген
Байзақ ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Байзақ ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен Байзақ ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
"3. Тұрғын үй көмегін тағайындау уәкiлеттi органмен – «Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiмен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Байзак аудандық мәслихатының 2011.12.20 № 47-10 (ресми жарияланған кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Байзак аудандық мәслихатының 2011.12.20 № 47-10 (ресми жарияланған кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Отбасының шекті жол берілетін шығыстардың үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасының жиынтық табысы атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнамасымен айқындалған тәртіпте есептеледі.
5. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi
6. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
7. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асыра алмайды.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Байзак аудандық мәслихатының 2011.12.20 № 47-10 (ресми жарияланған кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
8.Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды Байзак аудандық мәслихатының 2011.12.20 № 47-10 Шешімімен.
9. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
10. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
11. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
2) электр қуаты нормалары (бiр айда):
бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 50 киловатт;
бес және одан да көп мүшелi отбасына – 200 киловатт;
3) газ нормалары (бiр айда):
газ жылыту пешi бар болғанда (1 шаршы метрге) - 7,88 текше метр;
газбен ас дайындау пешi бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) - 22 текше метр;
сұйытылған газ бар болғанда (отбасының әрбір мүшесіне) – 8,2 килограмм;
4) қатты отын нормалары (жылыту мерзімінде) - 75,75 килограмм 1 шаршы метрге.
3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi
12. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
4. Қорытынды ережелер
13. Осы Ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.