Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 10, 18, 22, 43-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, антропогендік әсер етуден "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің табиғат кешенін қорғау және табиғат пайдалану тәртібін, режимін орнату мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорық аумағы шекара жерінен жалпы көлемі 50779 гектар, ені екі километр, оның ішінде солтүстік учаске 11292 гектар және оңтүстік учаске 39487 гектар жер пайдаланушылар мен меншіктегі жер учаскелерінен алып тастауынсыз Қарағанды облысының Нұра ауданының аумағында қорғау аймағы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.С. Рақымбековке жүктелсін.
4. Осы қаулының алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | С. Ахметов |
Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы N 36/03 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Қарағанды облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы" (бұдан әрі – Қорық) мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағында табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі осы аумақтың қызметін шектеу, экологиялық жүйе жағдайына кері әсерін тигізуден сақтау мақсатында белгіленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Қорғау аймағы Қорық шекарасы бойында бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес және жер бетінде арнайы белгілермен белгіленеді.
3. Табиғатты пайдалану режимі мен тәртібі Қорықтың қорғау аймағы аумағындағы бүкіл жерлерге, яғни мемлекеттік қорғау аймағы құрамындағы жерлерге таратылады, оның ішінде:
1) елді мекеннің жерлері;
2) ауыл шаруашылықта пайдаланылатын жерлері (оның ішінде шаруа және фермер қожалықтары);
3) өніркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылмайтын жерлері;
4) су қорының жерлері;
5) босалқы жер.
4. Қорықтың қорғау аймағына кіретін жер учаскілері осы учаскелердің нысаналы мақсатының сақталуымен бірге жер учаскелерінің меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан алынбайды. Учаскенің пайдалануға белгіленген тәртіпке және режимге кері келмейтін бөлігіне ғана жол беріледі.
5. Қорықтың қорғау аймағында режимді сақтамаған адамдарға, табиғи кешенге зиян келтірген жер пайдаланушылар оны және жер учаскілерінің меншік иелері қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте өтейді.
6. Қорықтың бүкіл қорғау аймағында шаруашылық қызметтің реттеулі режимі белгіленеді.
7. Қорықтың қорғау аймағында жол берілмейді:
1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;
2) Қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;
3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi үшiн зәрлi пестицидтер, улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивтi нысандарын енгiзуге;
4) атмосфераға және ашық су көздері мен жер рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
5) пайдалы қазбалар өндіруге;
6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
8) Қорықтың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);
9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;
10) Қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысының әкімдігінің 12.11.2021 № 81/01 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).8. Қорықтың қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу:
1) жергілікті ұялайтын құстардың ұялану мерзімінде шөп шабу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылатын қорықтың қорғау аумағының міндеттері мен ұйымның мақсаттарына қайшылық етпейтін басқа да шаруашылық қызметтер.
9. Қорықтың қорғау аймағының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынандай әр түрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:
1) орман шаруашылығы қызметі;
2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;
3) туристік және рекрециялық қызмет;
4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;
5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;
6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;
7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;
8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;
9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;
10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, Қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.
10. Қорықтың қорғау аймағында 9-тармақта аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ Қорық қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.
11. Қорықтың қорғау аймағы аумағындағы табиғатты пайдалану режимі және тәртібімен қарастырылмағандардың барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.