Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.06.12 N 5/43 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Балқаш қаласында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу Ережесі бекітілсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы N 44/429 "Балқаш қаласы және маңындағы кенттердегі ауыл шаруашылық жануарларын ұстау, бағу Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 8-4-78 болып тіркелген, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 "Балқаш өңірі" газетінде, 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Омаров) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы Т. Шаталова
Қалалық мәслихат хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов К.Г.
01.12.2010 ж.
"Балқаш қаласының
ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі"
ММ-нің бастығы Әлмағанбетов Б.Ә.
01.12.2010 ж.
Балқаш қаласы ішкі
істер бөлімінің бастығы Киякин Е.М.
01.12.2010 ж.
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы
Министрлігінің агроөнеркәсіптік
кешеніндегі мемлекеттік
инспекциясы Комитетінің
Балқаш қалалық аумақтық
инспекциясы" ММ-нің
бастығы м.а. Қанатбеков И.Қ.
01.12.2010 ж.
Балқаш қалалық мәслихатының
2010 жылғы 1 желтоқсандағы
N 37/285 шешімімен бекітілген
Балқаш қаласында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Балқаш қаласында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Балқаш қаласында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу мәселелерін ретке келтіру мақсатында әзірленген.
2. Осы Ереже Балқаш қаласы, Қоңырат, Гүлшат, Саяқ кенттеріндегі ауыл шаруашылық жануарларының иелеріне, меншік нысанымен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, ұйымдар мен кәсіпорындарға, тұрғындар мен жеке кәсіпкерлерге таралады.
3. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылық жануарлары - адам өсіретін, ауыл шарушылық өндірісіне тікелей қатысы бар ауыл шаруашылық жануарлары мен құстарының барлық түрі (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күрке тауықтар, бал аралары, бағалы аңдар мен үй қояндары), сондай-ақ олардың түр аралық гибридтері;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган - "Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
3) жануарлар - ауыл шаруашылық, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал арасы, балықтар, қос мекенділер, су мен жерде өмір сүретін жануарлар, жәндіктер және басқа да жануарлар әлемі;
4) жануарлардың иелері - жеке меншік немесе басқа да қарауында жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;
5) жануарларды ұстау - жануарлардың иелерінің жануарлардың өмірін, дене және психикалық саулығын сақтауға, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтай отырып, толыққанды ұрпақ алу үшін, сондай-ақ азаматтар мен жануарлар әлемі өкілдерінің қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағытталған іс-әрекеттері.
2. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау
4. Ауыл шаруашылық жануарлары арнайы жабдықталған жабық орындарда, құстарды қамауға лайықталған торлы қораларда және жеке тұрғын үйлерден, стадионнан, қоғамдық тамақтандыру, сауда, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көпқабатты үйлерден, көпшілік дем алатын жерлерден, балаларды сауықтыру лагерлерінен, санаторийлерден, табиғи және жасанды су айдындарынан, артезиандық құдықтардан қолданыстағы нормаларға сәйкес қашықтықта ұсталады.
5. Жергілікті атқарушы орган және кенттер әкімдері тиіс:
1) елді мекендерде жайылым аумағын белгілейді және жер телімдерін Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес актілерді ресімдеуге;
2) елдімекендерде ауыл шаруашылық жануарларын бағу жұмыстарын ұйымдастырады (малды бағуға бақташы табуға, атпен қамтамасыз етуге, мал иелері есебінен еңбек ақысын төлеу үшін келісім-шарт жасау);
3) қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларының уақытша тұратын жерін және тұрағын анықтайды.
Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/325 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
6. Тұрғын үйлерде бір отбасынан артық отбасы тұрған кезде, осы үйде тұратын көрші отбасыларының келісімімен, белгіленген ветеринариялық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда, ауыл шаруашылық жануарларын арнайы жабдықталған жабық орындарда, құстарды қамауға лайықталған торлы қораларда ұстауға рұқсат етіледі.
7. Ауыл шаруашылық жануарларын сату, әкелу, әкету ветеринария саласындағы өкілетті орган беретін белгіленген үлгідегі ветеринарлық сертификат рәсімделгеннен кейін ветеринарлық паспорт негізінде рұқсат етіледі.
8. Ауыл шаруашылық жануарларын су, әуе, темір жол көліктерінде тасымалдау осы көліктерде тасымалдау Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
9. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстаудың міндетті шарттары:
1) ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша жыл сайын ерекше қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация жасату және паразитарлық ауруларға қарсы жоспарлы алдын-алу шараларын жасау. Уақытында бірдейлендіру жүргізу, ветеринарлық паспортты ресімдеу;
2) екі ай мерзім ішінде жаңа туылған және сатып алынған ауыл шаруашылық жануарлары ветеринария саласындағы өкілетті органда қаралуға және тіркелуге тиіс;
3) санитарлық-гигиеналық, ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау;
10. Ауыл шаруашылық жануарлары иелеріне рұқсат етілмейді:
1) қала мен кенттердің тұрғын аймағында ауыл шаруашылық жануарларын бағуға және айдауға;
2) көшелерде, алаңдарда, скверлерде, саяжайларда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде ауыл шаруашылық жануарларын қыдыртуға;
3) ауыл шаруашылық жануарларын көлге, адамдар дем алатын басқа да табиғи және жасанды су айдындарына түсіруге;
4) қоршаған ортаны ластауға;
5) ауыл шаруашылық жануарларын сою алдындағы ветеринарлық қараусыз және союдан кейінгі ұшалары мен мүшелерін ветеринарлық қараусыз союға;
6) ауыл шаруашылық жануарларының мүрдесін лақтыруға немесе жерге көмуге;
7) ауыл шаруашылық жануарларын темір жол қарауына алынған жерде бағуға, ауыл шаруашылық жануарларын темір жол бойында рұқсат етілмеген жерлерден иесінің қостауынсыз өтуге;
8) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзуға.
Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/325 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
11. Қараусыз ауыл шаруашылық малдарын және басқа да үй немесе қолға үйретілген жануарларды ұстаушы оларды меншік иесіне қайтаруға тиіс, ал егер ол немесе оның тұрғылықты жері белгісіз болса, ұсталғаннан үш күннің ішінде ұсталған жануарлар туралы ішкі істер органына немесе әкімнің аппаратына хабарлау керек, олар иелерін іздеуге шаралар қолданады. Иесін іздеген кезеңде жануарлар әкімнің өкімімен анықталған уақытша орындарға қамалады. Қараусыз жануарларды уақытша ұстау орындарына тасымалдауды ұйымдастыру "Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктеледі. Жануарларды бірдейлендіру және вакцинациялау бойынша бақылау Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясына жүктеледі.
Қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларын уақытша белгіленген орындарда ұстауы және иелеріне қайтарылуы Қазақстан Республикасының Азамат кодексінің "Қараусыз жануарлар" 246 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының басқада заңнамаларына сәйкес қаралады.
Ескерту. 11 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/325 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
3. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің құқы
12. Кез-келген ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің меншігі болып табылады және меншік түрі болғандықтан заңмен қорғалады.
4. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің әрекеттері
Ескерту. Ереженің 4 тарауының атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/325 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
13. Ауыл шаруашылық жануарларының иелері мыналарды істеуі қажет:
1) ауыл шаруашылық жануарларына жанашырлықпен қарау, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес асырау, ауырған жағдайда уақытында ветеринариялық көмек көрсету;
2) ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша уақытында ауыл шаруашылық жануарларына диагноз қоюға, зерттеуге, емдеуге, қарауға, аурудың алдын алу үшін ветеринариялық мамандарға уақытында апару және жағдай жасау;
3) барлық жануарларға паспорт алуды және бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
4) олардың тұратын және жайылатын орындарын тиісті санитарлық жағдайда ұстау, үнемі дезинфекция жасау. Жем-шөптің қалдығын және қоқыстарды уақытында коммуналдық кәсіпорын арқылы қалалық қоқыс орнына апарып төгу;
5) ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдырмау және бетімен жібермеу, жасыл-желектерге зиян келтіруді,;
6) адамдар мен ауыл шаруашылық жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау;
7) ауыл шаруашылық жануарларын сатып алғанда, жоғалтқанда немесе өлгенде ол туралы уақытында ветеринария саласындағы өкілетті органға хабарлау;
8) ауыл шаруашылық жануарлары адамға немесе басқа жануарға зақым келтірген жағдайда таяу маңдағы медициналық мекемелерге, ветеринариялық мамандарға хабарлау;
9) жануарлардың мүрдесін алып кету және жою үшін уақытында қалалық коммуналдық кәсіпорнына, ветеринариялық маманға хабарлау.
5. Ереженiң сақталуын бақылау
14. Балқаш қаласында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу Ережесінің орындалуын қадағалау "Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне және Балқаш қаласы ішкі істер бөліміне жүктеледі.
6. Осы Ережені бұзғаны үшін ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің жауапкершілігі
15. Осы Ережелерді бұзғаны үшін кінәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Ескерту. 15 тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/325 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
16. Материалдық зиян келтірілген жағдайда, зардап шегуші оның өтеуі үшін сотқа шағымдануға құқылы.