Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 1 желтоқсандағы "Балқаш қаласында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу Ережесін бекіту туралы" N 37/285 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 10 наурыздағы N 42/325 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде N 8-4-228 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012 жылғы 12 маусымдағы N 5/43 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2012.06.12 N 5/43 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 1 желтоқсандағы "Балқаш қаласында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу Ережесін бекіту туралы" N 37/285 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-210 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 қаңтардағы N 8-9 (11677) "Балқаш өңірі" газетінде, 2011 жылғы 21 қаңтардағы N 6-7 (717) "Северное Прибалхашье" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Балқаш қаласында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және бағу Ережесінің (бұдан әрі- Ереже) орыс тіліндегі 3 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "3. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) сельскохозяйственные животные - культивируемые человеком все виды сельскохозяйственных животных и птиц, имеющих непосредственное отношение к сельскохозяйственному производству (крупный рогатый скот, овцы, козы, лошади, верблюды, свиньи, маралы и олени, куры, утки, гуси, индейки, медоносные пчелы, пушные звери и кролики), а также их межвидовые гибриды;
      2) уполномоченный государственный орган в области ветеринарии - государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства и ветеринарии города Балхаш";
      3) животные - сельскохозяйственные, домашние, дикие, млекопитающие, птицы, пчелы, рыбы, земноводные, насекомые и другие представители животного мира;
      4) владельцы сельскохозяйственных животных - физические или юридические лица, которые имеют в собственности или ином владении сельскохозяйственных животных;
      5) содержание животных - действия, совершаемые владельцами животных для сохранения жизни физического и психического здоровья животных, получения полноценного потомства при соблюдении ветеринарно-санитарных норм, а также для обеспечения общественного порядка и безопасности граждан и представителей животного мира.";
      2) Ереженің 5 тармағында "Қала мен кенттер әкімдері міндетті:" деген сөздер "Жергілікті атқарушы орган және кенттер әкімдері тиіс:" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) Ереженің 10 тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "5) ауыл шаруашылық жануарларын сою алдындағы ветеринарлық қараусыз және союдан кейінгі ұшалары мен мүшелерін ветеринарлық қараусыз союға;";
      4) Ереженің 11 тармағында "міндетті" сөзі "тиіс" деген сөзбен, "ММ-не" аббревиатурасы "мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) Ереженің 4 тарауының атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "4. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің әрекеттері";
      6) Ереженің 15 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "15. Осы Ережелерді бұзғаны үшін кінәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тартылады.".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Омаров) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            Г. Ахрименя

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                И. Сторожко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі                                 Тейлянов К.Г.
      10.03.2011 ж.

      "Балқаш қаласының
      ауыл шаруашылығы
      және ветеринария
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Әлмағанбетов Б.Ә.
      10.03.2011 ж.

      "Қарағанды облысының ішкі
      істер Департаменті Балқаш
      қаласының ішкі істер
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Киякин Е.М.
      10.03.2011 ж.

      "Қазақстан Республикасы
      ауыл шаруашылығы
      Министрлігінің агроөнеркәсіптік
      кешеніндегі мемлекеттік
      инспекциясы Комитетінің
      Балқаш қалалық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы                          Қанатбеков И.Қ.
      10.03.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады