Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.08.22 N 49/378 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Балқаш қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету және жинауды ұйымдастыру, санитарлық күтіп ұстау, абаттандыру Ережесі бекітілсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2004 жылғы 10 қарашадағы N 13/131 "Балқаш қаласы аумағын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 1666 болып тіркелген, 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 3 "Балқаш өңірі" газетінде, 2005 жылғы 12 қаңтардағы N 2-3 "Балхашский рабочий" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Омаров) жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрайымы Р. Қойбағарова
Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов К.Г.
24.12.2010 ж.
"Қалалық сәулет, қала
құрылысы және құрылыс
бөлімі" ММ-нің бастығы Мусин С.К.
24.12.2010 ж.
"Балқаш қаласының
тұрғын үй коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автокөлік жолдары
бөлімі" ММ-нің бастығы Манамбаев Д.С.
24.12.2010 ж.
Балқаш қалалық мәслихаттың
2010 жығы 24 желтоқсандағы
39/301 шешімімен бекітілген
Балқаш қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету және жинауды ұйымдастыру, санитарлық күтіп ұстау, абаттандыру Ережесі
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ММ" деген сөз "мемлекеттік мекемесі" деген сөздермен ауыстырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.04.27 N 44/344 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
Балқаш қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету және жинауды ұйымдастыру, санитарлық күтіп ұстау, абаттандыру Ережелері (Одан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
1. Жалпы Ережелер
1. Ережелер Балқаш қаласында инфрақұрылымының ғимараттарын қорғау және күтіп ұстау, аумақтың тазалығын сақтау, санитарлық тазалау, абаттандыру саласында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершіліктерін белгілейді және қатынастарын реттейді және меншік түріне шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге орындауға міндетті болып табылады
2. Аумақты көріктендіру және санитарлық күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелерін қарастыратын мемлекеттік мекемелеріне, кондоминиум объектісін басқару мақсатында құрылған көп пәтерлі тұрғын үйлердегі үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің коммерциялық емес бірлестіктері, қаланың өзін-өзі басқару органдарына, ғимараттар, құрылыстар, жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушыларға жүктеледі.
2. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі
ұғымдар мен түсініктер
3. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
4. Бекітілген аумақ - осы Ережелермен, Балқаш қаласы әкімінің актілерімен, тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген учаске:
1) қала шегінде бекітілген объектілер болып табылатындар:
қала көшелері жағындағы, өтпе жолдың шетімен шектелген, қала көшелері жағындағы - жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін немесе өтпе жолдың ортасына дейінгі аумақ - жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін; ораміші аумақтарының учаскелері;
аула ішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдатуларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер;
уәкілетті органдардың рұқсатымен, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға, уақытша пайдаланылатын аумақ;
іргелес жатқан аумақ;
жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары.
2) бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК);
ғимараттар мен орын-жайлардың иелері;
жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
5. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамалармен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
6. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
7. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
8. Жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүлкестемен бүлініп жатқан жолдың бөлшегі.
9. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
10. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері және басқалар) қала шекарасында жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
11. Жөн-жосықсыз тігілетін қоқыстар үйінділері – заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ), ірі көлемді қоқыстар (бұдан әрі - ІКҚ), өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.04.27 N 44/344 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
12. Көшелердің санаттары - жолдардың, көшелердің және кіру жолдарының көлік қозғалысының әдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктеледі.
13. Контейнер - стандартты ҚТҚ жинауға арналған сыйымдылық.
14. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - ҚТҚ) - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
15. Қаланы сыртқы абаттандыру - қала аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені аумақты тазалау, тұрмыстық қалдықтарды (зарарсыздандыру), қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату.
16. ҚТҚ, ІКҚ жинау және шығару - ҚТҚ контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
17. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
18. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан ірі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
19. Өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
20. Уәкілетті орган - Балқаш қаласы әкімдігімен анықталатын коммуналдық шаруашылық саласында құзыры бар орган ("Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі).
21. Шағын сәулеттік нысандар – көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
22. Іргелес жатқан аумақ - тікелей ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдалануындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
23. ІКҚ - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
3. Қала аумағын тазарту тәртібі
24. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтардың тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негізінде орындалады:
көше-жол желілері, алаңдарға қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, тынымбақтар, жағажайлар) бойынша – коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
ораміші аумақтары мен басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы аудан сәулетшісімен анықтап бекітіледі.
25. Тазарту жұмыстары осы Ережелердің талаптарына, уәкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
26. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
сыпыру;
қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
4. Көшелердің өту жолдарын тазарту
27. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту; алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
28. Соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу жолдарын тазартумен, (кесте бойынша) іргелес жатқан жолдарды тазалаумен айналысатын кәсіпорындар жүргізеді.
29. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін халықтың жаппай баратын объектілеріне жақын орналасқан магистральды көшелерінің бойына күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға тыйым салынады; тыйым қажетті жол белгілерін қоюмен белгіленеді.
30. Магистральдардың, көшелердің және кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, уәкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
31. Жолдың жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әртүрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
32. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға рұқсат етілмейді.
5. Жаяужолдарды тазарту жұмыстары
33. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлзарлармен бөлінген және тұрғын жайға кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан жаяужолдарды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен жүргізіледі.
34. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы құрылғылардың иесісі болып табылатын ұйымдармен жүргізіледі.
35. Көшенің жол жағынан гүлзарлармен бүлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізу Балқаш қаласы әкімдігімен бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес орындалады.
36. Көшелер мен өту жолдарының бойына орналасқан басқа жаяужолдар бойынша тазарту жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындармен жүргізіледі.
37. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
6. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту
38. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңдарын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
39. Жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерімен жүргізіледі.
7. Басқа қала аумақтарын тазарту
40. Іргелес жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала көшелерінен оларға кіретін жолдарды заңды және жеке тұлғалар меншігі мен пайдаланылуында ғимараттары бар, бөлініп берілген учаскелерде орнатылған аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорынмен орындалады.
41. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы 5 метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама таратушылар және жарнама таратушылармен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші мамандандырылған ұйымдар орындайды.
42. Сыртқы жарықтың бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және жаяужолдарда орнатылған байланыс желілерінің маңайын тазарту жұмыстарын жаяусоқпақтарды тазартуға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
43. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін, басқа инженерлік құрылымдарға, сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын тазарту жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
44. Сауда ғимараттарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дөңгіршектер және т.б.) көшедегі жүру жолдарын қоса, сауда объектілерінің иелері тазартады. Іргелес жатқан гүлзарларға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге жәшіктерді үюге жол берілмейді.
45. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту жұмыстарын иелері мен осы объектілерді пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
46. Жанар-жағар май құю станциясына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.
47. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырысшы, немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер кәсіпорындар жүргізеді.
48. Жапырақ түскен уақытта, бекітіліп берілген аумақтарды тазартуға жауапты ұйымдар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпырып-сиыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбі жағына жапырақтарды жинауға рұқсат етілмейді.
49. Заңды және жеке тұлғаларға және іргелес жатқан ғимараттарға, құрылымдарға және басқа ғимараттарға бекітіліп берілмеген, пайдаланылмайтын және бөлініп берілмеген аумақтардың тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаражаттар шегінде орындалады.
50. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершілік бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
51. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі асфальттың жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен: қаланың бас магистралдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан – тәулік мерзімінде шығарылады.
52. Суаққы желісін қоқыс басуын болдырмау үшін суаққы коллекторларына тұрмыстық қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.
8. Қысқы кездегі қала көшелерін тазартудың
ерекшеліктері
53. Қала көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын, уәкілетті органмен бекітілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
54. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызғылардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
55. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
56. Жаяужолдар мен жолдың жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және осы су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады.
57. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
жаяужолдарда.
58. Жаяужолдар мен гүлзарларға қар шығаруға рұқсат етілмейді.
59. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезекте қарды шығару (таңдап) жұмыстары орындалатын жерлер: қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігі аялдамаларынан, жер үсті жаяужүргіншелер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтың жаппай баратын орындарынан (ірі әмбебаптардан, базарлардан, мейрамханалардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан, театрлардан және т.б.), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
соңғы қар шығару (жаппай) жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, уәкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
60. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған алаңшаларға жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
61. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі керек.
62. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздақтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
63. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. Мұздақ пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
64. Аула аумақтары мен кварталдар ішінен тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
65. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
66. Қысқы кезде ғимарат иелерімен және жалдаушыларымен уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.
67. Жаяу жүргіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы, жүргізілуі керек.
68. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздақтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарына жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүлгілер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшін (шарт бойынша) орналастырылады.
69. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.
9. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
70. Заңды және жеке тұлғалар қала аумағының барлық жерінде, соның ішінде жеке меншік үй иелерінің аумақтарында тазалық пен тәртіпті сақтауы қажет, абаттандыру элементтерін зақымдауға және бұзуға жол бермеу (жолдарды, жаяужолдарды, гүлзарларды, кіші сәулеттік нысандарды, жарықты, суқашыртқыларды және т.б.).
71. Күрделі және уақытша объектілердің иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды санитарлық тазарту және жинау жұмыстары бойынша шарттар жасасуы керек немесе оны күнделікті өз беттерімен жүргізулері қажет.
72. Қала аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды қала аумағына шығаруға жол берілмейді.
73. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жасауға рұқсат етілмейді.
74. Кәсіпорындар мен инженерлік жүйелердің аумағынан жер үсті суларын шаруашылық және өндірістік нөсерлі көрізге ағызуға тек пайдаланушы ұйымның шарты болған жағдайда рұқсат берілген.
75. Тоғандарға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмаған суларын ағызуға жол берілмейді.
76. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге рұқсат етілмейді.
77. Автокөлік кәсіпорындары мен автоспорт құралдарының иелері жолға көлік құралдарын таза күйінде шығарады.
78. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға рұқсат етілмейді.
79. Әр түрлі маңызы бар ғимараттарды гүлкестелерге, гүлзарларға, балалар алаңшаларына, ғимараттардың аркаларына орналастыруға рұқсат етілмейді.
10. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау, шығару және іске жарату
80. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан ұйымдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге, қала аумағында қызмет етуші жеке тұлғаларға, қалдықтарды зарарсыздандыру және іске асыруға шарттық қатынастары бар, қоқыс шығарушы ұйымдармен ҚТҚ шығару жөнінде шарт жасауы керек. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.
81. Жылжымайтын ғимараттарды салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғаларға қоқыстарды іске жарату жөнінде, оны өздігінен шығару немесе қоқыс шығарушы ұйыммен шығару жөніндегі шарттарын жасау қажет.
82. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңдар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
83. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі, сұйық қалдықтар кәрізсіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
84. Аумақтағы (бөлініп берілген, бекітілген, аулаішілік) контейнерлік алаңдары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер мына талаптарды:
контейнерлік алаңдар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
контейнерлік алаңдар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
контейнер алаңдары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасуға;
контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңдарға арнайыландырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі керек.
85. Контейнерлік алаңдар мен контейнерлер иелеріне:
контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға жарамсыздарды ауыстыруға;
қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңдарды және жинағыштардың (контейнерлердің) астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және шыбындарға қарсы улануын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
86. Контейнерлер орнату үшін алаңдар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтың дем алатын орындарынан кем дегенде 5 метр қашықтықта болуы керек. Алаңның көлемі қажетті контейнерлер санын орнатуға есептелген.
87. Қалдықтарды уақытша сақтау орындарын, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органымен пәтер иелері кооперативтерімен келісу қажет.
88. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстары ҚТҚ, ІКҚ шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
89. Аулалық, кәріздендірілмеген және қоғамдық әжетханалар тұрғын-жайлардан және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын алаңшалардан кем дегенде 20 метр және 100 метрден артық емес қашықтыққа алыстатылуы қажет. Аулалық дәретхананың шұнқыры жарты жылда бір рет тазалануы керек.
90. Қоқыс шығару құбырына сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.
91. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне рұқсат етілмейді.
92. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
93. Пайдаланушы ұйым қамтамасыз етеді:
қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырының салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;
ай сайын қоқыс қабылдағыш камералар мен оқпандарға алдын алу зарарсыздандыру іс шараларын (зарарсыздандыру, бұқырлау және зиянды кеміргіштерді жою) ай сайын жүргізуге.
94. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану Балқаш қаласының қоқыстарын көму мен қайта пайдалану жөніндегі қалалық полигонда іске асырылады.
95. ҚТҚ полигонын орналастыру және күтіп ұстау жұмыстары елді мекендер аумақтарын күтіп ұстаудың Санитарлық ережелерге, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
96. ҚТҚ полигонын күтіп ұстауға жауапкершілік осы жұмыстарды орындауға рұқсат қағаздары бар пайдаланушыларға, арнайыландырылған ұйымдарға жүктеледі.
97. Жөн-жосықсыз үйінділерге, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөн-жосықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті органдармен бекітілген мерзімде аумақ иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
98. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір бірінен 50 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі қораптан орнатылады.
99. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен мердігермен жүргізіледі. Қораптарды тазарту жұмыстары осы кәсіпорындармен олардың толуына қарай орындалады.
100. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай, аптасына бір рет орындалады. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, ал сауда объектілерінде орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, зарарсыздандырады.
11. Ұсақ бөлшек сауда, ұсақ базарлар үшін уақытша орын-жайларды орнату және күтіп ұстау
101. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің ғимараттарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
102. Сәулеттік және түстері туралы шешім "Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарын жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелері есебінен, сыртқы түрі мен түсшешімін сақтауды ескере отырып, орындалуы тиіс.
103. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, іргелес жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяужүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды Қарағанды облысының ішкі істер Департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бекіткен кіреберіс алаңдарынан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда жаяужолдарды, жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Ескерту. 103-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.04.27 N 44/344 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
104. Сауда нүктелерінің иелері іргелес жатқан аумақтың (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауға міндетті. Іргелес жатқан абаттандыру объектілеріне, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, абаттандыру объектілерін өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
105. Шағын базарлар мен басқа да сауда жасауға арналған уақытша алаңдар аумақтары қоршалуы керек, нөсерлік және еріген сулардың ағуын қамтамасыз ететін қатты төсемі болуы керек, дүңгіршектермен, қалқалармен, сөрелермен, контейнерлік алаңшалармен, қоқыс салғыш қораптармен, тұрақты қоғамдық немесе жылжымалы әжетханалармен, кешкі жарықпен жабдықталуы қажет. Базар аумақтарына жақын жерлерде Балқаш қаласы ІІББ Жол полициясы басқармасының келісімімен автокөлік үшін автотұрақтар орналасуы керек.
106. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін, осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
107. Дүңгіршектердің, павильондардың және басқа да сауда ғимараттарының арасындағы өртке қарсы үзілген жерлерді сауда материалдарымен, жабдықтармен, жәшіктермен және қалдықтармен бекітіп қоюға, дүңгіршектердің төбесіне жәшіктерді үюге рұқсат етілмейді.
108. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағы - саябақтарды, гүлзарларды, бульварларды, жағажайларды ұстауды аталған ғимараттар бекітіліп берілген қалалық мекемелер (бұдан әрі - әкімгерлер) жүзеге асырады.
109. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағын тазалау және ағымдағы күтімі бойынша жұмыстарды әкімгерлермен келісімшарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді немесе осы жұмыстың түріне лицензиясы болған кезде әкімгердің өздері жүргізеді.
110. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағындағы аумақтың жобасын өзгерту, шағын сәулет үлгілерін және құрылысын, сәулет және абаттандыру бөлшектерінің түсін өзгерту "Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі келісіледі.
111. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қоқыс жинайтын урналар бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта орнатылады. Аумақтың кіре-берісінде екеуден кем емес урна орнатылуы тиіс.
112. Саябақтар мен жағажайларда урналардан басқа контейнер орнатуға арналған арнайы алаң жабдықталуы тиіс.
113. Контейнерді орналастыруға арналған алаңдар демалыс орындарынан 20 метрден кем емес қашықта болу керек.
114. Саябақтар мен жағажайлардың аумағында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес келетін қоғамдық дәретханалар орналастырылуы керек.
115. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында қолданыстағы нормативтердің талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда кәсіпорындарын орналастыруға рұқсат етіледі. Осы ғимараттардың иелері бөлінген және іргелес аумақтарын жинау және санитарлық тазалауға мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшарт жасайды немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өздері жинаулары қажет. Осы ғимараттарды сырлау және жөндеу жұмыстары иелерінің есебінен жүргізіледі.
116. Жалпы пайдаланатын демалыс аймағының аумағында:
қоқысты, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерін тазалауға және жууға;
көгалда, гүлзарларда, жүргіншілер жүретін жолда ғимараттарды орналастыруға;
мангалды пайдалануға, ашық отта дайындалатын кәуапты және басқа да тағамдарды дайындауға;
сағ. 23.00-ден кейін қатты музыка қоюға рұқсат етілмейді.
12. Шағын сәулет нысандарын ұстау
117. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен: демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
118. Шағын сәулет нысандары тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін; олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.
119. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, тынымбақтар мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
120. Жаға құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырысшымен бекітілген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
121. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын, қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
122. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет нысандарының иелері өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізеді.
13. Ақылы автотұрақтарды және гараж кооперативтерін
орналастыру және абаттандыру
123. Жеке меншік иелерінің жеңіл автомашиналарының гараждарын, күзетілетін ашық автотұрақтардың, автокөліктің уақытша тұрақтарын (ақылы және ақысыз) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормаларымен және ережелерімен, белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген жобалау құжаттарына сәйкес орындалады.
124. Ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, сауда мен қоғамдық тамақтану объектілері, демалу орындары мен бұқаралық орындар келушілер үшін ақысыз аялдатулармен жабдықталуы қажет.
125. Жеке меншік иелерінің гараждары, гараж кооперативтеріне бірігеді (серіктестік). Гараж кооперативтерінің аумағын абаттандыру және оларды күтіп ұстау кооперативтердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
126. Жеңіл автокөліктерінің ашық ақылы тұрақтарын тұрғын-жай мен қоғамдық құрылыстарға дейін санитарлық аралықты сақтап орнату қажет. Автотұрақтардың қатты төсемі, қоршауы, күзетуге арналған жайы мен сыртқы жарығы болуы қажет. Автомобильдерді қоятын орындардың үстіне жеңіл құрылымдардан қалқандар салуға жол беріледі.
127. Иелері өздеріне бекітіліп берілген және автотұрақтарға, гараждарға іргелес жатқан аумақтарда санитарлық тазалық пен өртке қарсы шараларды қалыпты сақтап тұруы қажет.
14. Құрылыс алаңдары мен учаскелерін күтіп ұстау
128. Құрылыс салушы (жөндеу, жаңғырту жұмысы кезіндегі объектінің иесі) объектінің (жаңа құрылыс, жаңғырту, жөндеу, құрылысты бұзу) құрылыс алаңын абаттандыру жұмыстарына кіріспей тұрып, келісім алу үшін, қажетті құжаттарды және белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізуге рұқсат алу үшін, уәкілетті органға ұсынуы қажет.
129. Рұқсат алғаннан кейін құрылыс жүргізуші-тапсырысшы (жөндеу, жаңғырту жұмысы кезіндегі объектінің иесі) қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес құрылыс алаңын мынадай қажетті талаптарды сақтай отырып, абаттандыруы керек:
құрылыс алаңына бөгде адамдардың енуіне жол бермейтін, және іргелес жатқан аумаққа ластың шығуына жол бермейтін болып, барлық периметрі бойынша толық қоршалады, адамдардың көп өтетін жерлеріндегі қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнату қажет;
қоршау металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы керек;
қоршау құрылғысы мықтап бекітіліп және ұзынынан, көлденеңінен түзетіліп, боялуы және ұқыпты түрде болулары керек;
құрылыс алаңшасынан екінші кезектегі көшелерге қақпа орнату немесе шлагбаум орнату арқылы ең аз кіру және шығу жолдары қарастырылады;
шығатын жерлеріне ақпараттандыру тақталары орнатылады;
жарық барлық параметрлері бойынша екі жаққа бірдей түсуі керек;
алаңішілік жолдар және құрылыс алаңына кіретін жолдардың қатты төсемі болуы керек, олардың қалалық асфальттанған жолдармен қиылысуын қамтамасыз ету қажет;
шығаберістерінде көлік құралдарының дөңгелектерін жуу (тазарту) бекеттері орналастырылады;
құрылыс алаңының аумағы таза және тәртіпте ұсталуы қажет, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін, контейнерлер, жинағыш қорабы орнатылуы және қоқыстарды уақытында шығару жұмыстары ұйымдастырылуы керек, құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақ та, сондай-ақ қалыпты жағдайда ұсталынып, оқтын-оқтын тазартылып отырылуы қажет;
құрылыс алаңдарының сыртына құрылыс материалдарының, қоқыстардың (синтетикалық пленкалардың, сүректер, жаңқалар, орау материалдары және т.б.) шығарылуына (желмен және басқа) жол бермеу шаралары қарастырылуы қажет;
жабық лотоктар мен жинағыш-қоймаларды қолданбай қалдықтар мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді;
ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде жұмыс жүргізген кезде, осы мақсаттарда қолдануға арналған, қасбетке бекітілген немесе орнатылған ағаш конструкцияларына бекіген, тордан жасалған торлы қоршау қарастырылуы қажет, қоршаулардың қисаюы мен салбырауына жол берілмейді;
қажет болған жағдайда жүргіншілер жолы, төсемдер, таяныштар, айналып өту және уақытша жүру жолдары жасалады және олар түзелген жағдайда ұсталады.
130. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шегінде орналастырылады, шығарылған топырақ (құнарлы топырақтан басқа) тез арада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына немесе коммуналдық шаруашылықтың уәкілетті органының келісімімен бекітілген басқа учаскелерге шығарылады.
131. Құрылыс жүргізуші немесе мердігер тиісті полигондарға уақытында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, қар мен мұзды шығару жұмыстарын ұйымдастыру үшін құрылыс алаңдарын жасауға рұқсат алған кезде осы жұмыс түрлерін жүргізуге рұқсат қағаздары бар, мамандарылған кәсіпорындармен шарт жасасады.
132. Коммуналдық шаруашылық мекемесімен келісілген кестеге сәйкес, қатаң түрде құрылыс, тұрмыстық қоқыс, қар шығарылуы қажет.
133. Құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтағы, сондай-ақ уақытша жүруге пайдаланылған, жүргіншілер өтетін жерлер, материалдарды қою үшін уақытша пайдаланылған орын-жайлар аумақтарының бұзылған абаттандыру жұмыстарын, инженерлік желілерін және басқа қажеттіліктерін қалпына келтіруге міндетті.
15. Қала аумағындағы жол төсемдерін, жаяужолдарды, гүлзарларды және басқа да ғимараттардың, қалалық шаруашылық элементтерінің, инженерлік желілерді, құрылыстарды және коммуникацияларды ұстауды бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстрын және басқа да жұмыстарды жүргізудің тәртібі
134. Жол төсемдерінің, жаяужолдардың, гүлзарлардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғуына байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар қала әкімдігінің қаулысымен анықталған, "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жұмыстарды жүргізуге рұқсат алады.
135. Шаруашылығында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, қаланың көркін бұзуға әкеліп соғатын инженерлік желілер мен орын-жайлардың техникалық жағдайын әрдайым қарап отыруы қажет, атап айтқанда: аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, берілген және қорғалатын аймақтардың санитарлық тазалығын бақылау, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындылары, нөсерлік күріздердің торлары қатты төсеммен бір деңгейде болуы және түзу қалыпта ұсталуы, құрастыру Ережелерін сақтамаған жағдайда бұзылып қалуы мүмкін жер асты желілерінің бетіндегі қатты немесе жер топырағының қалпын, қайта жабылуы мен қолданылуын бақылауға, жерүсті инженерлік коммуникацияларына, құрастырмалар мен құрылғыларға уақытында жөндеу, тазарту және сырлау жұмыстарын жүргізуге.
136. Жер бетінің қатты қабатына күрделі жөндеу немесе жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде инженерлік желілердің құдығының люктерін керекті өлшемдерге жеткізу жұмыстары жөндеу жұмыстарының тапсырысшысы есебінен орындалады.
137. Қала аумақтарынан жер үсті және жер асты суларын әкетуге арналған арықтарды, құбырлар мен сорғытқыларды жинау мен тазарту, нөсерлік кәріздердің коллекторларын, жауынқабылдағыштар құдықтарын тазарту жұмыстары пайдаланушы кәсіпорындармен; аула аумақтарында – пәтер иелері кооперативтерімен; жеке меншік учаскелерде және кәсіпорын аумақтарында - аумақтық иелерімен жасалады.
16. Тұрғын жай кварталдары мен шағын аудандарды
абаттандыру
138. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары: қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
139. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, "Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Басқармасымен келісілуі керек.
140. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуы:
көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауы тиіс.
141. Аулаішілік аумақта:
аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 7-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
көлік құралдарын қоюға және аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға рұқсат етілмейді.
17. Апатты жұмыстарды жүргізу
142. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын аз мерзімде орындау шараларын талап етеді.
143. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға міндетті. Бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуі тиіс: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті орын-жайларының, инфрақұрылым объектілерінің, жасыл отырғызғылардың сақталуы.
144. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым телефонограмма арқылы апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Жол полициясы басқармасына, коммуналдық шаруашылық мекемесіне және басқа да Балқаш қаласына мүдделі қызметтерге хабарлайды.
145. Аймағында коммуникациялары бар ұйымдар, телефонограмманы алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
146. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушы қожайындар, апат жұмыстарының басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатады.
147. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, Жол полициясы басқармасы жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
148. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына Жол полициясы басқармасының келісімімен қажетті жол белгілері орнатылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалқан) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
149. Апаттың салдарын жою және аумақтың абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет. Көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады.
150. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.
151. Апатты деген сылтаумен жоспарлы жұмысты жүргізуге үзілді-кесілді жол берілмейді.
18. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін
күтіп ұстау
152. Балансында ғимараттары мен орын-жайлары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен орын-жайлардың иелері аталған объектілердің және олардың жекелеген элементтеріне (балкон, лоджия, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарының таза және қалыпты жағдайда ұстауы керек.
153. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға рұқсат етілмейді.
154. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары, және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын ғимараттарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.
155. Егер де заңды немесе жеке тұлғалардың меншігіндегі шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында жеке тұрғын емес жайлар немесе тұрғын жайлық ғимараттарда тұрғын емес бөлмелер болса, онда ол адамдар бөлмелердің алып тұрған аудандарына тепе-тең аталған ғимараттардың қасбеттерін жөндеуді және жаңартуды жүргізуге үлестік қатынасулары керек. Ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбеттерінің жаппай жоспарлы жөндеулерін және жаңғыртуларын жүргізгенде үлестік қатысулар қолданған адамдар осы мақсатқа бағытталған қаржыларын бөлмелердің алып жатқан аудандарына тепе-тең біріктірулері мүмкін.
156. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.
157. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары Қазақстан Республикасының және Балқаш қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес ескерткіштерді қорғау Басқармасымен және "Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі келісімімен орындалады.
158. Уәкілетті орган Балқаш қаласы коммуналдық шаруашылық департаменті ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жыл сайын қабылданатын бюджеттік бағдарлама негізінде атқарады. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарының бағдарламасы Балқаш қаласының әкімдігімен бекітіледі.
159. Ғимараттардың қасбеттерін сырлау жұмыстары "Балқаш қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі берілетін колерлік төлқұжаттармен жүргізілуі мүмкін.
160. Мыналарға жол берілмейді:
алдын ала сәулеттік бөліктердің қалпына келтірілмейінше ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
табиғи немесе жасанды тастармен қапталған, түсті әсемдік терразиттік және тас түрлі балшықпен сыланған қасбеттерді сырлауға.
19. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтіп ұстау
161. Уәкілетті орган Балқаш қаласы коммуналдық шаруашылық департаменті бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын ғимараттардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі күңгірт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы көңгіртте 10 люкске дейін беріледі.
162. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері тазалықта ұсталуы қажет, тот баспауы керек және қажет болу жағдайына қарай екі жылда бір рет пайдаланушы ұйыммен сырлануы (сырдың түсі Сәулет және қала құрылысы мекемесімен келісіледі) тиіс.
163. Пайдаланудан шыққан газды, көкіртті - ДРЛ, ДРИ, ДнаТ, люминисцетті шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы жайларда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға тыйым салынады.
164. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмысы негізгі магистральдарда кешіктірілмей баған иесімен жүргізіледі, сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар – тәулік ішінде.
165. Бұрқақтардың жағдайы мен пайдаланылуына жауапкершілік пайдаланушы ұйымға жүктеледі.
166. Бұрқақтарды қосу мерзімі, олардың жұмыс тәртібі, табақтарын жуу мен тазарту кестесі, техникалық үзілістері мен жұмысының тоқтатылуы Балқаш қаласы Коммуналдық шаруашылық мекемесімен белгіленеді.
167. Бұрқақтардың жұмыс істеуі кезінде су бетін қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделікті орындалады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақтарды сөндірген кезде де тазалығын сақтайды.
20. Балқаш қаласы аумағына тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкілетті органдар мен қызметтердің міндеттері
168. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, осы Ережелердің сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, өртке қарсы, санитарлық және сәулет-құрылысын бақылау, ішкі істер органдарымен өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
169. Функционалдық міндеттерге сәйкес қаланың жалпы абаттандырылу жағдайын бақылау, комиссиялық аралау мен тексеріс жүргізу жағдайын реттеумен, мемлекеттік бақылау-қадағалау жұмыстарын уәкілетті орган жүргізеді.
21. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
170. Осы қағидаларды бұзғаны үшін, барлық жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасынының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.