Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі N 115 қаулысы. Қарағанды облысы Қаражал қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 22 шілдеде N 8-5-96 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы N 144 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2011.06.16 N 144 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабының 2 тармағының 5 тармақшасы және 18-1 бабына және Қаражал қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы ХХІІІ сессиясының N 203 "2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген N 8-5-82) шешіміне сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу Тәртібі бекітілсін.
      2. "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша алты айдан артық емес жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 20 000 теңгені құрайды, жұмыс беруші тарапынан ортақ қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады.
      4. Қаражал қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 мамырдағы N 126 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2009 жылы 17 маусымда тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-72, 2009 жылғы 17 маусымдағы "Қазыналы өңір" газетінің 24 нөмірінде жарияланған).
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Оспановаға жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қаражал қаласының әкімі                    Ғ. Мұқашев

Қаражал қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 07 шілдедегі
N 115 қаулысымен бекітілген

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу Тәртібі

      1. Жұмыс беруші уәкілетті орган "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді:
      1) кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі;
      2) еңбекақының уақытында төленуі;
      3) жұмыс орнының қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкестігі;
      4) кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің сақталуы;
      5) Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі өткенде жұмыссыз адамға тұрақты жұмыс орнын беру мүмкіндігі.
      3. Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жекекәсіпкердің куәлігін ұсынады.
      4. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарт жасайды. Шартта шарттың мәні, еңбекақының мөлшері мен оны төлеу шарттары, шығындар сомасы, тараптардың жауапкершілігі мен ерекше жағдайлар, шарттың қолданылу мерзімі көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары пайдаланылмайды.
      5. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің.
      7. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, шарт жасасады, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады.
      8. Жұмыс беруші еңбекақы төлеуге кететін шығындарды өтеу үшін ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 5-не дейін белгіленген тәртіпте келесі құжаттарды Уәкілетті органға ұсынады: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есепке алу табелі, атқарылған жұмыстар актісі.
      9. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес салық және зейнетақы аударымдарды жүзеге асырады.
      10. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің осы Тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.

О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Каражал

Постановление акимата города Каражал Карагандинской области от 07 июля 2010 года N 115. Зарегистрировано Управлением юстиции города Каражал Карагандинской области 22 июля 2010 года N 8-5-96. Утратило силу - постановлением акимата города Каражал Карагандинской области от 16 июня 2011 года N 144

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Каражал Карагандинской области от 16.06.2011 N 144 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с подпунктом 5 пункта 2 статьи 4 и статьи 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", решением ХХIII сессии Каражалского городского Маслихата от 21 декабря 2009 года N 203 "О бюджете города на 2010-2012 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 8-5-82), в целях оказания социальной поддержки безработным гражданам, относящимся к целевым группам, акимат города Каражал ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Каражал" (далее - Отдел занятости) организовать работу по созданию социальных рабочих мест для временного трудоустройства безработных граждан из целевых групп, зарегистрированных в Отделе занятости, в установленном законодательством порядке сроком не более шести месяцев.
      3. Размер среднемесячных отчислений для лиц, направляемых на социальные рабочие места, исходя из общей суммы трансфертов с учетом плановой численности трудоустраиваемых и продолжительности участия, включая обязательные пенсионные взносы и индивидуальный подоходный налог, составляет 20000 тенге. Доля софинансирования со стороны работодателя определяется договором, заключаемым между Отделом занятости и работодателем.
      4. Считать утратившим силу постановление акимата города Каражал N 126 от 15 мая 2009 года "О мерах по организации социальных рабочих мест" (зарегистрировано в управлении юстиции города Каражал 17 июня 2009 года регистрационный номер 8-5-72, опубликованное в газете "Қазыналы өңір" от 17 июня 2009 года за N 24).
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Оспанову З.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 июля 2010 года.

      Аким города Каражал                        Г. Мукашев

Утвержден постановлением
акимата города Каражал
07 июля 2010 года N 115

Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

      1. Работодатель подает заявку на организацию социальных рабочих мест в Уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Каражал" (далее - Уполномоченный орган).
      2. При отборе работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, Уполномоченный орган учитывает следующие требования:
      1) платежеспособность предприятия;
      2) своевременность выплаты заработной платы;
      3) соответствие рабочего места нормам техники безопасности;
      4) соблюдение на предприятии норм Трудового кодекса Республики Казахстан;
      5) возможность предоставления безработному постоянной работы по истечении срока действия заключенного договора с Уполномоченным органом.
      3. Работодатель для участия в отборе представляет копии учредительных документов либо свидетельство индивидуального предпринимателя.
      4. Работодатель заключает договор с Уполномоченным органом на организацию социальных рабочих мест. В договоре отражаются предмет договора, размер и условия оплаты труда, сумма затрат, ответственность сторон и особые условия, срок действия договора. Работа носит временный характер и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      5. Уполномоченный орган выдает направление безработным из целевых групп населения для трудоустройства на социальные рабочие места.
      6. Финансирование мероприятий по созданию социальных рабочих мест производить в пределах целевых трансфертов, предусмотренных в областном бюджете по бюджетной программе 027 "Целевые текущие трансферты бюджетам районов (городов областного значения) на расширение программы социальных рабочих мест и молодежной практики".
      7. Работодатель принимает на социальное рабочее место направляемого безработного, заключает с ним трудовой договор, предоставляет рабочее место, соответствующее нормам техники безопасности.
      8. Работодатель для возмещения расходов по оплате труда ежемесячно до 5 числа месяца, следующего за отчетным, представляет в уполномоченный орган в установленном порядке: выписку из приказа о приеме на работу, табель учета рабочего времени, акт выполненных работ.
      9. Работодатель производит обязательные налоговые и пенсионные отчисления в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      10. Контроль за исполнением настоящего Порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп, возлагается на Уполномоченный орган.