Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласы әкімдігінің 2012.02.22 N 40 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қаражал қалалық Мәслихатының ХХXІV сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 300 "2011-2013 жылдарға арналған қала бюджеті туралы" шешіміне сәйкес нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-5-105 болып тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі бекітілсін.
2. "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Жұмыспен қамту бөлімі) заңда белгіленген тәртіппен Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарды уақытша алты айдан артық емес мерзімге жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы қалалық бюджеттен бөлінген қаржылардың есебінен жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 теңгені құрайды. Жұмыс беруші тарапынан ортақ қаржыландыру үлесі Жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады.
4. Қаражал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 07 шілдедегі N 115 "Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қаражал қаласы әділет басқармасында 2010 жылы 22 шілдедегі тіркелген тіркеу нөмірі 8-5-96, 2010 жылғы 22 шілдеде "Қазыналы өңір" газетінің N 29 жарияланған).
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Құрмансейітовке жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаражал қаласының әкімі Ғ. Әшімов
Қаражал қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 16 маусымдағы
N 144 қаулысымен бекітілген
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі
1. Жұмыс беруші уәкілетті орган - "Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі- Уәкілетті орган) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім береді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды ескереді:
1) кәсіпорынның төлем төлеуге қабілеттілігі;
2) еңбекақының уақытында төленуі;
3) жұмыс орнының қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкестігі;
4) кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің сақталуы;
5) Уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі өткенде жұмыссыз адамға тұрақты жұмыс орнын беру мүмкіндігі.
3. Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жеке кәсіпкердің куәлігін ұсынады.
4. Жұмыс беруші Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шарт жасайды. Шартта шарттың мәні, еңбекақының мөлшері мен оны төлеу шарттары, шығындар сомасы, тараптардың жауапкершілігі мен ерекше жағдайлар, шарттың қолданылу мерзімі көрсетіледі. Жұмыс уақытша сипатта болады және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары пайданылмайды.
5. Уәкілетті орган халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасу үшін жолдама береді.
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру қалалық бюджеттің "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау қосымша шаралары" 002102 бюджеттік бағдарламасында көрсетілген қаржы шегінде жүргізілсін.
7. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, шарт жасасады, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады.
8. Жұмыс беруші еңбекақы төлеуге кететін шығындарды өтеу үшін ай сайын есептік айдан кейінгі айдың 5 дейін белгіленген тәртіпте келесі құжаттарды Уәкілетті органға ұсынады: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтан үзіндіні, жұмыс уақытын есепке алу табелі, атқарылған жұмыстар актісі.
9. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес салық және зейнетақы аударымдарды жүзеге асырады.
10. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің осы Тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.