Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы мәслихатының 2011.11.23 N 478 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысына, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Әділбаев
Қалалық мәслихат хатшысы С. Имамбай
Келісілді:
"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Қапарова
2010 жылғы 14 қыркүйек
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2010 жылғы 14 қыркүйектегі
ХХІХ сессиясының N 363 шешімімен
бекітілген
Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" N 512 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 шiлдедегi "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" N 710 қаулысына сәйкес әзiрлендi және Сәтбаев қаласының аз қамтылған азаматтарына тұрғын үй көмегiн беру тәртiбiн анықтайды.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 393 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
байланыс саласындағы заңнамада белгiленген тәртiппен тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне ақы төлеуге берiледi.
Отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi қызметтердi жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледi.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 393 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы комиссия – тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тарту мәселелері бойынша шиеленісті, даулы немесе ерекше жағдайларды қарайтын, уәкілетті органның жанындағы комиссия;
2) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
3) кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;
4) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу – қажет болған жағдайда құрылымдық элементтер мен инженерлік жабдықтау жүйелерін ауыстыра отырып, ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің өзгерістерімен байланысты емес физикалық және сапалық тозуды жоюға қатысты құрылыс және ұйымдастыру-техникалық іс-шараларының кешені;
5) кондоминиум объектiсiн басқару органы – кондоминиум объектiсiн күтiп ұстау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) отбасы – бір мекен-жайда бірге тұратын және тіркелген некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;
7) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
8) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші);
9) тұрғын жайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
10) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін тұрғын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
11) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін беретін "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);
12) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi – телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының бiр айда кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің өлшемі болып табылады;
13) шот – тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстары, коммуналдық қызметтер төлемақысы, соның ішінде кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысы, байланыс қызметтері, қатты отын алу құжаты, тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңде өтініш берушімен қағаз жеткізгіште не қызметтерді жеткізушілермен электрондық жеткізгіште ұсынылады.
3. Тұрғын үй көмегі Сәтбаев қаласында тұрақты тұратын, бір үйде тіркелген, оның меншік иесі немесе пайдаланушысы (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), егер кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар шығыстары, тұрғын үйді күтіп-ұстау, коммуналдық қызметтерді тұтыну, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге жұмсалатын шығыстары өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданы нормасының шегінде болса, бірақ осы мақсаттарға жұмсалатын шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын, отбасы бюджетіндегі тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне жұмсалатын шығыстарының нормативтері және нақты қолданыстағы жалпы ауданнан артпайтын болса беріледі.
Зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, он сегіз жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) үшін кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеуге, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне жұмсалатын отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (адамның) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (адамның) жиынтық табысының 11 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау
4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесідей тәртіпте көрсетеді:
1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй нормасына балама және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерлерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін берілетін тұрғын үй ауданының әлеуметтік нормасы – 30 шаршы метр;
2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:
қызмет жеткізушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар) нақты шығыстар бойынша қатты отынды пайдалану:
1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 98 килограмм көмірден артық емес;
1985 жылдан кейін салынғын тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 72 килограмм көмірден артық емес;
жылу беру маусымының ұзақтығы – 7 ай;
тұрғын үй көмегін есептеу барысында, статистика органдарының мәліметтері бойынша Сәтбаев қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;
нақты шығыстар бойынша, отбасының электр қуатын тұтынуы:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан;
электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан аспауы тиіс;
3) cуық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету, газды, тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды тұтыну нормалары (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетушілермен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекітілген тарифтердің негізінде белгіленеді;
4) тиісті төленуге жататын кондоминиум объектiсінің ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге. Кондоминиум объектiсінің ортақ мүлкiнн күрделi жөндеуді жүргізудің кезектілігі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, жалпы жиналыста пәтер иелерінің шешімімен анықталады.
5. Кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне төлемақы белгіленген нормадан тыс жалпы негіздерде жүргізіледі.
6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсету үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгілеген тәртіпте өтелуге жатады.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау
7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекен-жайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.
8. Жеке меншігінде бір бірлігінен артық үйі (пәтерлер, үйлер) бар немесе тұрғын үйлерін жалдауға (жалға алу) беретін отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
9. Тұрғын үй көмегі берілмейді:
1) жұмыс істеуге қабілеті бар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын, уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын адамдары бар отбасыларға;
2) жұмыс істемесе және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген болса, N 1 және N 2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын адамдарға;
адамдарды есептемегенде:
күтім қажет деп танылған мүгедектерге күтім жасайтындар;
туберкулездік және психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-профилактикалық мекемелерде бір айдан астам уақыт стационарлық немесе амбулаториялық емделудегі адамдар;
үш жасқа дейінгі бір немесе одан да көп баланың тәрбиесімен айналысатындар;
төрт және одан да көп баланың, оның ішінде кіші баланың бірінші сыныпты аяқтауына дейін (бірақ тоғыз жастан аспаған) тәрбиесімен адамдар;
кіші баласы сегіз жасқа толғанға дейін өзіне және балаларына асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар.
10. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен не он сегіз жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иелері болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге тұрғын үй көмегі бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерлерде тұратындығына қарамастан, бір адамға тұрғын үй алаңының нормасы (18 шаршы метр) және бір адамға коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде беріледі.
11. Ақпараттық-маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде сауда делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі не болмаса негізгі жұмыс орнынан растайтын анықтама ұсынуы тиіс.
12. Даулы, шиеленісті немесе ерекше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселе сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
13. Тұрғын үй көмегінің сомасы артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған көрінеу жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде, ал төлеуден бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.
4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі
14. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын осы тұрғын үйде тіркелген отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынумен өтініш берілген айдан бастап 12 ай мерзімге тағайындалады.
15. Отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі өзгерген жағдайда, тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстар, коммуналдық қызметтерге тарифтер тиісті өзгерістер енгізілген айдан кейінгі айдан бастап бұрын тағайындалған жәрдемақыларды қайта есептеу жүргізіледі.
16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.
17. Тұрғын үй көмегін алушылар он күн ішінде өзінің меншікті тұрғын үйі, отбасы құрамы және олардың жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер жөнінде уәкілетті органға хабарлау қажет.
5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі
18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе "Сәтбаев қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесіне өтінішке (1 қосымша) қоса келесі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі (жеке куәлік, тұрақты тұру рұқсаты, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі);
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
3) тұрғын үйге құқық беретін құжаттардың көшірмесі;
4) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөніндегі мәліметтер (еңбек кітапшасы, жұмыс орнынан анықтама, еңбек шарты, жұмыссыздар уәкілетті органнан жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі анықтаманы, салық басқармасынан жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлға ретінде тіркелгендігі немесе тіркелмегендігі туралы анықтаманы, мүгедектік тобын белгілеу туралы анықтаманы ұсынады);
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын растайтын құжаттар:
некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәлігі, қайтыс болғаны жөніндегі куәлік, жетпіс жастан асқан жалғызілікті адамдарды есептемегенде азаматтық хал актілерінің N 4 үлгідегі жазбаларынан анықтама;
6) тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстары жөніндегі шот, коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шот, тұрғын үйдің жалпы алаңын растайтын техникалық төлқұжат, телекоммуникация желісі қызметтерінің шарты немесе түбіртегі, көлемді және баллон газын алу шоты (түбіртектер, анықтамалар), қатты отын алу шоты (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар), телекоммуникация байланысының қызметтері туралы шарты немесе түбіртегі, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот, жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасының негізінде кондоминимум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминимум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы органмен берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
7) отбасы мүшелерінің табыстары жөнінде анықтама;
8) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығының жоқтығы (бар болуы) туралы анықтама.
Құжаттар тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады, ал құжаттардың көшірмесі жеке іске қоса тіркеледі.
19. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті орган бланкілер үлгісін (2, 3, 4 қосымшалар) толтырады және тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегінің есебін жүргізеді және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.
20. Тапсырылған құжаттардың растығына күдік туған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлға жөнінде қажетті ақпараттар сұратуға құқылы.
21. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде ақы төлеу төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін үлесінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
22. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттiк төлемақы тарифiнiң арттырылуы төлемдеріне нақты есептелген сомалардан артпауы тиіс.
23. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін коммуналдық қызметтер бойынша есептелген төлемдер тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен электрондық жеткізгіште не болмаса жеке тұлғалармен қағаз жеткізгіште (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынылады.
24. Өтініш иесі туралы мәліметтерді нақтылау үшін уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайының тексеру актісін жасайды.
6. Тұрғын үй көмегін төлеу
25. Тұрғын үй көмегі қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз нысанда беріледі. Қолма-қол ақысыз нысаны – бұл ақша қаражаттарды қызмет жеткізушілердің есеп шоттарына, сонымен қатар кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы, жинақтаушы) шоттарына аудару.
Тұрғын үй көмегі сомасын коммуналдық қызметтерді жеткізушінің (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеу) есеп шотына аудару мүмкін болмаған жағдайда, ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа қызмет жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе қолма-қол нысанда төленеді. Қолма-қол нысаны екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылатын ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш иесі мынадай құжаттарды ұсынады:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) әлеуметтік жеке код;
3) екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шот.
7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
26. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде жиынтық табысты есептеу тәртібі
27. Отбасының жиынтық табысына азаматтарды тіркеу кітабына сәйкес осы мекен-жай бойынша тіркелген барлық тұлғалардың тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсан алдындағы тоқсандағы табыстары енгізіледі.
28. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
29. Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
30. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс (еңбекақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақы бойынша берешектер) бір мезгілде алынған кезде жиынтық табысқа есептік кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
31. Отбасының орташа айлық табысы отбасының алдыңғы тоқсандағы жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен есептеледі.
9. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
32. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы ақшалай және заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы түріндегі табыс;
2) зейнетақылар, шәкіртақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер;
3) балаларға және асырауындағыларға төленетін алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) жиынтық табысты есептеу кезінде ескерілетін өзге де табыстар.
33. Еңбекақы түріндегі есептелген сомалар:
1) негізгі және қосымша атқаратын жұмыс орындарында еңбекақының барлық түрлері, соның ішінде кесімді, мерзімді сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (қаржыландыру көзіне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекақысы сақталатын кезеңге қызметкерге заңнамаға сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда);
2) еңбек демалысында сақталатын еңбекақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
3) ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
4) уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі еңбекақы;
5) маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің еңбекақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Еңбекақы болмаған кезеңде жиынтық табыс оны есепке алмай есептелінеді;
6) сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
7) еңбекақыны есептеу кезінде есепке алынбайтын және ұйым қаражаты есебінен төленетін төлемнің өзге де түрлері (оқу демалысының төлемі, авторлық қалам ақы, несиелер, жаңалық ашқаны, өнертабыстары және рационализаторлық ұсыныстары үшін сыйақылар);
8) отбасы құрамында есепке алынбайтындықтан мерзімді қызметтегі, оның шінде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, келісім-шарт бойынша және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамындағы адамдарының, сондай-ақ оларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемеақылары мен қосымша ақылары есепке алына отырып, отбасының жиынтық табысына енгізілетін ақшалай үлесі;
9) шет елде жұмыс істейтін және отбасы құрамында есепке алынған тұлғалардың жиынтық табысындағы еңбекақысы ұлттық және шет ел валютасында есепке алынады. Осы жағдайда шет ел валютасында алынған табыс отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Ұлттық Банк белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада есептеледі;
10) егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмыс істеуге немесе оқуға келген және отбасы құрамында есепке алынған шет ел азаматымен некеге тіркелген болса, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының азаматының табысынан және отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде Қазақстан Республикасында алынған ұлттық, сондай-ақ Ұлттық Банк белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада есептелінген шет ел валютасында алынған шет ел азаматының табысынан белгіленеді;
11) авторлық қаламақы (шарттар болмаған жағдайда), сондай-ақ ашқан жаңалығы, өнертабыстары мен тиімді ұсыныстары үшін сыйақылар қаламақы сомасын он екі айға бөлуден алынған үлес мөлшерінде отбасының жиынтық табысына ай сайын қосылып отырады;
12) өтелген несие, қарыз сомалары жиынтық табысқа қосылады және оларды өтеу (бөлшектеп өтеу кезінде төленген сома және несие, қарыз беру мерзіміне сәйкес) сәтінен бастап несие беру мерзіміне бөлінеді;
13) жекелеген азаматтарда шарт жасамай жұмыс істейтін тұлғалардың жиынтық табысында олардың нақты еңбекақысы есепке алынады. Бұл ретте еңбекақының заттай бөлігі жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады. Еңбекақыны өтініш иесі ерікті түрде көрсетеді, бірақ заңнамада бекітілген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес;
14) азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік) бойынша жұмыстарды орындайтын тұлғалардың табысы шарт қолданылатын барлық кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады;
15) салық комитетінде тіркелген өздігінен жұмыспен қамтылған тұлғалардың жиынтық табысында олардың салық комитетімен расталған анықтамадағы табысы есепке алынады;
16) кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын тұлғалардың табыстары бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады;
17) жұмыс берушінің кінәсінен бос тұрып қалу уақытына ақы төлеусіз бір айдан артық уақыт жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдардың жиынтық табысын есептегенде өзі көрсеткен табысы ескеріледі.
Еңбекақы түрінде алынған табыстар олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
34. Зейнетақылар, шәкіртақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік төлемдер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақының барлық түрлері және оларға өтемақылық төлемдер;
2) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
3) арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
4) жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген тұлғаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
5) төлем көздеріне қарамастан, студенттерге, оқушыларға, аспиранттарға, докторанттарға, оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін шәкіртақы. Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті мәлімделген табысы есептеледі;
6) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы (соның ішінде бала күтімі бойынша);
7) жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы;
8) жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша бюджеттен берілетін тұрақты төлемдер;
9) жүріп-тұрысында қиыншылықтары бар бірінші топ мүгедектері үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне ақы төлеу;
10) алушының жазбаша өтініші бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін біржолғы төлемдер және материалдық көмектер;
11) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
12) жұмыс берушінің қаражаты есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақы;
13) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
14) мүгедек балаларды тәрбиелеушілерге берілетін мемлекеттік жәрдемақы.
Әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
35. Балаларға және асыраудағыларға төленетін алимент түріндегі табыстар:
1) алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің еңбекақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттердің қосымша сомалары жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есептелінеді;
2) ата-ана арасындағы неке бұзылған кезде, ері (зайыбы) балаларға алимент төлеуі жағдайында тұрғын үй көмегі тағайындалады. Алимент өндіруден бас тартқан жағдайда отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілмейді;
3) төлеуші жұмыс істемеген және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген, бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында, емделуде немесе туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде, емдеу-еңбек профилакториясында есепте тұрған, Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекен-жайға орналасуға кеткен немесе іздеу салынған жағдайда, жиынтық табыс алименттерді есепке алмай, тиісті органдардан алынған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде есептеледі;
4) алимент бойынша қарыздар пайда болған жағдайда, жиынтық табыс алименттерді есепке алмай, сот орындаушысының қарыздар анықтау туралы қаулысы қоса ұсынылып есептеледі;
5) егер ата-ана арасындағы неке бұзылмаса, бірақ ерлі-зайыпты адамдардың бірінен алимент өндірілген болса, осы ерлі-зайыпты адамның отбасымен бірге тұрса, жиынтық табыста оның табысы толық есепке алынады. Ерлі-зайыптылар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады;
6) қамқоршылық ресімделген балаларға алимент төленбеген жағдайда, ата-аналардан алынатын алимент жөніндегі анықтаманы ұсынусыз жиынтық табыс есептеледі;
7) балаларға және асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не пошта аударымдарының алынған алимент түбіртегімен, сондай-ақ өндіріп алу туралы сот органдарының шешімі қоса берілген жазбаша өтініш негізінде расталады.
36. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыстар:
1) ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, мал мен құс ұстау және өсіру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс (саябақ телімдерінен алынатын табысты есептемегенде), өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшері туралы мәліметтерінің негізінде әрбір отбасы бойынша есептеледі;
2) жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс уәкілетті органмен осы Қағиданың 5, 6, 7 қосымшалары негізінде есептелінеді;
3) бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құны өсірілетін дақылдың орташа түсімін (қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) 5 қосымшаға сәйкес бір килограмм өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады;
4) екі немесе одан да көп отбасылар жүргізетін жеке қосалқы шаруашылықтан, сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығынан алынатын табыстар осы шаруашылықта жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің санына тепе-тең әр отбасы бойынша бөлініп есептелінеді;
5) отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс есептелінеді. Отбасының жиынтық табысында тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысы жылдық жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табысты төрт тоқсанға бөлу жолымен анықталады;
6) табысты есептеу үшін Қарағанды облысының статистика басқармасының деректері негізінде Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынатын Қарағанды облысында қалыптасқан өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдері бойынша өткен жылғы орташа жылдық бағалары пайдаланылады;
7) жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебінің жеке нормативтік кәртішкесін өтініш берушінің мәліметтері негізінде отбасының жиынтық табысына есеп жүргізетін тұлға толтырады.
37. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге де табыстар:
1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беру;
2) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан;
3) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;
4) салымдар мен борышкерлік құнды қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, лотореялардан, ұтыс ойындарынан алынған заттай және (немесе) ақшалай түрдегі ұтыстар;
5) туысқандар мен жақын адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құндық түрде) қосқанда көрсетілетін табыстар;
6) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған ресми түрде расталмаған табыстар айына ең төмен еңбекақы мөлшерінен кем емес мөлшерде есептеледі;
7) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан түскен табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі есептік кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
Көрсетілген табыстар алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
10. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынбайтын табыс түрлері
38. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай табыс түрлері есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) бала туғанда берілетін жәрдемақы;
4) мемлекет бастамасымен (мерекелерге және мерейтойларға орай) көрсетілетін көмек;
5) жеке ісін ашуға арналған материалдық көмек;
6) негізгі азық-түлік тауарларына бағалардың қымбаттауына байланысты Сәтбаев қаласының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілетін ай сайынғы әлеуметтік көмек;
7) он сегіз жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
8) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
9) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алименттері;
10) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протез жасатуына жолақысын төлеу;
11) протез жасату кезінде азаматтарды асырау;
12) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге жеңілдікпен жол жүру құны;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік препараттар, санаториялық-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық бұйымдар (әзірлеу және жөндеу), жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген өзге де оңалту құралдары, білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілетін заттай көмек түрлері;
14) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
15) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілетін біржолғы көмек;
16) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін мүгедектерге арнайы көлікте қызмет көрсетуге арналған материалдық (әлеуметтік) көмек;
17) мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері;
18) азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге әлеуметтік жолақы билетінің құны түрінде берілетін әлеуметтік көмек;
19) үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларға төленетін материалдық қамсыздандыру;
20) бөгде адамның көмегіне мұқтаж бірінші, екінші топтағы жалғызбасты мүгедектердің күтіміне арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша үстемақылар.
Сәтбаев қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына
1-қосымша
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш
Өтініш берушіні есепке алғанда, ________ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үйді күтіп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысына, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеуге жәрдемақы тағайындауыңызды сұраймын.
Мен және менің отбасымның мүшелері табысы жөніндегі мәліметтерді беруге келісім білдіргеніміздің дәлелі ретінде заңды және жеке тұлғаларға ұсынылуы мүмкін табыстар жөніндегі ақпаратты жариялауға өз рұқсатымызды береміз.
Маған тұрғын үй көмегінің артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеліп соқтыратын көрінеу жалған мәліметтерді бергенім үшін көмектің төленуі тоқтатылатыны туралы, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде қайтарылуы тиіс екендігі, ал бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылатыны ескертілді.
Қажетті құжаттарды қоса ұсынамын.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177 бабының 1 тармағына және 325 бабының 3 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығына жүктелетін жауапкершілік туралы ескертілдім.
Өтініш берушінің деректері:
Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
Жеке куәлік деректері ___________________________
(өтініш берушінің туған күні, N және куәліктің берілген уақыты)
СТН _________________________________________________
ӘЖК ________________________________________________________
Отбасының өтініш беру тоқсанының алдындағы тоқсандағы жиынтық табысының орташа айлық мөлшері ___________________________________
Өтініште көрсетілген табыстардан басқа табыстар жоқ.
Тұрғылықты жері _________________ ______________ көшесі
_____ үй ___________ пәтер телефон _______________
тиістілік _______________________ түрі ___________________
(пәтер иелері кооперативі) (жеке, мемлекеттік)
Жалпы ауданы ______ шаршы метр.
Қосымша аудан _____ шаршы метр.
Бөлме саны ________
Әлеуметтік мәртебе _______________ отбасылық жағдай _______________
Қызмет берушілерге тұрғын үй көмегін аударуға келісім беремін.
Меншігімде бір тұрғын үй бар.
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні __________________________________
Сәтбаев қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына
2-қосымша
Отбасы құрамы мен тұрғын үй алаңының жалпы ауданы туралы анықтама
Азамат (ша) _____________________________________________
оның: ___________ көшесі (шағын аудан) ______ үй_____ пәтер _________ мекен-жайы бойынша тұратындығын растау үшін берілді.
Отбасы құрамы __________________ адам.
Тұратын алаңы __________ шаршы метр.
Пәтерге (үйге) құқығын белгілейтін құжат N ________ _____________
____________________________________________________
Тұрғын үй иесімен бірге келесі адамдар тұрады:
Т.А.Ә. |
Туған жылы |
Туыстығы |
Қай уақыттан бері тұрады |
Анықтама азаматтарды тіркеу кітабының негізінде толтырылды
Маманның қолы ______________________
Қабылдау мерзімі _____________________
Сәтбаев қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына
3-қосымша
Отбасының барлық мүшелерінің кірістері туралы анықтама
1. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
2. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
3. Отбасы мүшесінің Т.А.Ә. _______________________________________
Айы |
I |
II |
III |
IV |
V |
VI |
VII |
VIII |
IX |
X |
XI |
XII |
Кірістің түрі |
||||||||||||
Кірістің сомасы |
Өтініш берушінің қолы __________________
Күні ______________________________
Сәтбаев қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына
4-қосымша
200 __жылғы____________ бойынша тұрғын үйді күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер төлемдерінің шығыстары туралы анықтама
Төлеуші ______________________________________________________
(пәтер иесінің (жалдаушы) Т.А.Ә.)
Мекен-жайы ____________________________________________________
Жалпы ауданы _______________шаршы метр.
Бөлме саны _________________
Үйдің жалпы сипаттамасы __________________________________________
(жалпы немесе баллондық газ, ыстық сумен қамтамасыз ету)
Төлем түрлері |
Қызмет саны |
Жеке шоттың нөмірі |
1. Тұрғын үйді күтіп-ұстау шығындары (ПИК, ПИТК) |
||
2. Жылыту жүйесі |
||
3. Ыстық су |
||
4. Суық су |
||
5. Кәріз |
||
6. Электр қуатымен қамтамасыз ету |
||
7. Газ |
||
8. Қоқыс әкету |
||
9. Телефонға абоненттік төлем |
Маманның қолы _____________________________
Қабылданған күні ____________________________
Сәтбаев қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына
5-қосымша
Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетiн табысты есептеудiң нормативтiк кәртішкесі
Өсімдік шаруашылығының өнiмi
Өнiм |
Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм |
Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 бағанға) |
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге 5 бaған -3 баған) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
|||||
Арпа |
|||||
Қарамық |
|||||
Жүгерi |
|||||
Көп жылдық шөптер |
|||||
Бiр жылдық шөптер |
|||||
Картоп |
|||||
Көкөнiстер |
|||||
Бақшалар |
|||||
Шекілдеуiк бақтары |
|||||
Сүйектi жемiс бақтары |
|||||
Жидек дақылдары |
|||||
Жүзім |
Мал шаруашылығының өнімi
Өнiм |
1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 бағанға) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған – 3 баған) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал (сүт) |
|||||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
|||||
Шошқалар (шошқа еті) |
|||||
Қойлар, ешкілер (ет/жүн) |
|||||
Жылқы (жылқы еті) |
|||||
Түйе (түйе еті) |
|||||
Жұмыртқалай тын құс (жұмыртқа) |
|||||
Етті құс (құс еті) |
Сәтбаев қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына
6-қосымша
Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы
Малдардың түрi |
Өлшем бірлігі |
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы |
Iрi қара мал |
Ай |
25 |
Қойлар мен ешкiлер |
Ай |
12 |
Шошқалар |
Ай |
10 |
Жылқылар |
Ай |
16 |
Түйелер |
Ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
Күн |
195 |
Етті құс |
Күн |
125 |
Сәтбаев қаласының тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету қағидасына
7-қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік кәртішкесі
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
облыс, аудан _____________________ үйiнiң мекен-жайы ____________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотка, мал басы, саны |
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге |
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге |
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнi алынатын жүгерi |
||||
Күрiш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекi |
||||
Шекiлдеуiк бақтары |
||||
Сүйектi жемiс бақтары |
||||
Жемiстер |
||||
Жүзiм |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бiр жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
||||
Сүттi iрi қара мал |
||||
Еттi iрi қара мал |
||||
Шошқалар |
||||
Қойлар мен ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Еттi құс |
||||
Жиыны: бiр жылғы табыс |
||||
Жиыны: бiр тоқсандағы табыс |
200__ж. "__"_________
Т.А.Ә. ___________________________
________________________________
(Есепті жасаған тұлғаның Т.А.Ә. және қолы