"Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі ХХІХ сессиясының N 363 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 393 шешімі. Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 желтоқсанда N 8-6-112 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 302 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 24.12.2014 N 302 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі ХХІХ сессиясының N 363 шешіміне (Қарағанды облысы Әділет департаментінің Сәтбаев қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 15 қазанда 8-6-109 нөмірімен тіркелген және "Шарайна" газетінің 2010 жылғы 22 қазандағы 81 (1842) нөмірінде ресми жарияланған) толықтыру енгізілсін:
      1) мемлекеттік тілдегі Сәтбаев қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы (бұдан әрі – Қағида) кіріспедегі "Сәтбаев қаласының" деген сөздерден кейін "аз қамтылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      орыс тілдегі Қағидадағы кіріспедегі "порядок предоставления" деген сөздерден кейін "малообеспеченным" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мемлекеттік тілдегі Қағиданың 1-тармағындағы бірінші абзацтағы "Тұрғын үй көмегі" деген сөздерден кейін "аз қамтылған" деген сөздермен толықтырылсын;
      орыс тілдегі Қағиданың 1-тармағындағы "Жилищная помощь предоставляется" деген сөздерден кейін "малообеспеченным" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Сессия төрағасы                            В. Юстус

      Қалалық
      мәслихат хатшысы                           С. Имамбай

      Келісілді

      "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            Т. Қапарова
      2010 жылғы 23 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады