1994 жылы туған еркек жынысты азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын ұйымдастырылған және сапалы түрде өткізу, азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын анықтау, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу және әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, 37 бабына сәйкес, Саран қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2011 жылы қаңтардан наурызға дейінгі кезеңде есепке алу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Саран қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуы өткізілсін.
2. Ақтас поселкесінің әкімі, меншіктік нысана түріне қарамастан қала кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары:
1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне есепке алынуға тиісті әскер жасына дейінгі азаматтардың тізімін тапсырсын;
2) әскер жасына дейінгілердің Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
3. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Е.Ә. Әбілқасымов) (келісімі бойынша):
1) есепке алуды өткізу бойынша комиссия қарамағына есепке алынуға тиісті азаматтарды медициналық куәландыру өткізу үшін дәрігер-мамандар және орта медициналық персоналдардың қажетті санын бөлсін;
2) Саран қаласы және Ақтас поселкесінің емделу мекемелері арқылы есепке алынуға жататын азаматтардың медициналық тексерудің барлық түрін жүргізуін қамтамасыз етсін;
3) әскерге шақыру учаскесінің есебіне алуды өткізу аяқталғаннан және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының ұсыныс бергенінен кейін емделуді қажет ететін әскерге шақыртылғандар тізімі бойынша оларды емделу мекемелеріне бекітсін және олардың емделуін қамтамасыз етсін.
4. "Саран қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р.Б. Малшыбекова) 2011 жылға арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес есепке алу науқанының уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
5. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (К.О. Тұңғышбаева) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының тапсырысы бойынша есепке алуды өткізу кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін жұмыссыз азаматтар санынан үш қоғамдық жұмыскер бөлсін.
6. Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы (Е.Б. Рахымбергенов) (келісімі бойынша) есепке алынудан өтуден бас тартқан азаматтарды іздестіру және әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өзара іс-қимылды ұйымдастырсын.
7. Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Қ.Б. Әбішев) (келісімі бойынша) жүргізілген азаматтарды есепке алу нәтижесі туралы қала әкімін ақпараттандырсын.
8. Саран қаласы әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы "2010 жылы 1993 жылы туған азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын өткізу туралы" N 04 шешімі (2010 жылғы 19 қаңтарда Саран қаласының Әділет басқармасында (N 8-7-100) тіркелді және "Ваша газета" газетінде 2010 жылғы 29 қаңтарда N 4 (520) жарияланды) өз күшін жойды деп танылсын.
9. Осы шешім Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және бұқаралық ақпараттық құралдарында алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
10. Осы шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.С. Беделбаеваға жүктелсін.
Саран қаласының әкімі В. Иванов
КЕЛІСІЛГЕН
Қарағанды облысы
денсаулық сақтау
басқармасының бастығы
Е.Ә. Әбілқасымов
14 желтоқсан 2010 жыл
Саран қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ.Б. Әбішев
14 желтоқсан 2010 жыл
Саран қаласының ішкі
істер бөлімінің бастығы
Е.Б. Рахымбергенов
14 желтоқсан 2010 жыл