Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған XXXVIII сессиясының 2011.11.10 N 754/38 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн мерзімі аяқталғаннан кейін ол күшіне енеді) Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері бекітілсін.
2. Осы шешімнің қосымшасына сай кейбір шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы,
қалалық мәслихаттың
хатшысы Ә. Сатова
Шахтинск қалалық мәслихатының
2010 жылдың 9 шілдесіндегі
ХХІ сессиясының шешіміне
қосымша
Күші жойылды деп танылған шешімдердің тізімі
1. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVІІ сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы" N 240/27 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-28, 2006 жылғы 3 қарашадағы N 43 (842) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған, 2006 жылғы 10 қарашадағы N 44 (843) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
2. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі ХХХІV сессиясының "Шахтинск қалалық Маслихаттың "Азаматтарға тұрғын үй жәрдем ақыларын және тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету және қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абонентерiне телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы берудегi ұсыныстар Ережесiн бекiту туралы" 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVII сессиясының N 240/27 шешiмiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы" N 312/34 шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-42, 2007 жылғы 7 қыркүйектегі N 36 (886) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
3. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 3 сәуірдегі V сессиясының "Шахтинск қалалық Маслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVI сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшiн тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абонентерiне телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы берудiң Ережесiн бекiту туралы" N 240/27 шешiмiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы" N 390/5 шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-52, 2008 жылғы 16 мамырдағы N 19 (921) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
4. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі ХІІ сессиясының "Шахтинск қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVII сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшiн тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерiне телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы берудiң Ережесiн бекiту туралы" N 240/27 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы" N 468/12 шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-66, 2009 жылғы 22 мамырдағы N 21 (974) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
5. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 03 шілдедегі ХІІІ сессиясының "Шахтинск қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVII сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшiн тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желiлерiнiң абоненттерiне телефон үшiн абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы берудiң Ережесiн бекiту туралы" N 240/27 шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" N 488/13 шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-71, 2009 жылғы 16 қазандағы N 42 (995) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған).
Шахтинск қалалық мәслихатының
2010 жылғы 9 шілдедегі
N 581/21 шешімімен
бекітілген
Тұрғын үй көмегін ұсыну Ережелері
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері (әрі қарай – Ережелер) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылдың 14 сәуіріндегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылдың 2 қарашадағы N 1092 "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы" қаулысына сәйкес өңделді және аз қамтылағн отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу механизмін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
екінші деңгейдегі банкілер –Қазақстан банкінен басқа, Қазақстан Республикасының ұлттық Банкінің лицензиясы бар, банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіндегі барлық банкілер;
күрделі жөндеу – негізгі қордың белсенді және әрекетсіз бөлімдерін жай өндіріп, өзінің нормалық қорын жұмсаған, және негізгі қордың әлі тозбаған элементтерін бәрін қамту арқылы ірі жөндеу жолында барлау қорларын пайдалану мақсатында, тозған бөлшектер, желілер, машина, ғимарат, құрылыс бөлшектері, толық ауыстырылады;
кондоминиум нысанының басқару органы – кондоминиум нысанын күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының тоқсан алдындағы, алдағы тоқсандағы алған табыстарының жалпы сомасы;
өтініш беруші - жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға;
тұрғын үй көмегі – мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрғын үй ғимараттарын (пәтерлерін) жалдаушыларға (жалға алушы) немесе жекешеленген тұрғын үйлерде (пәтерлерде) тұратын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум нысанының жалпы мүлігінің күрделі жөнделуіне қаражат жинау жарнасына және күрделі жөндеуге, жеке тұрғын үй қорында жергілікті орындаушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға, байланыс қызметтеріне, яғни телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің өсуіне және коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалған шығындарды өтеуге аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) мемлекет тарапынан ұсынылатын көмек;
тұрғын үй инспекциясы – Қазақстан Республикасының тұрғын-үй заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізетін жергілікті орындаушы органның құрылымдық бөлімшесі;
уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
шекті - ұйғарынды шығыстар үлесі – отбасының бір айлық шекті- ұйғарынды шығыстар деңгейінің қатынасы кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, байланыс қызметтеріне, яғни телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуіне, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақысына жұмсалған отбасының жиынтық кірісіне пайыздағы қатынасы;
шот - қызмет көрсетуді және оның бағасын немесе тауардың жеткізілуін растайтын және сатып алушының (тұтынушының) атына сатушымен (жабдықтаушымен) жазылатын тауарлық құжат;
2. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) мынандай төлемдерге ұсынылады:
жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
газ және қатты жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
тұрғын үйдің жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) немесе жеке иесі болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) байланыс қызметтеріне, яғни телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің өсуіне;
жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға.
Тұрғын үй көмегінен есепке алынатын, аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) шығындары, жоғарыда көрсетілген әр бағыттың шығыс сомасы ретінде анықталады.
3. Тұрғын үй көмегі Шахтинск аумағының аймағында тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға), мына жағдайларда ұсынылады, егер жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, газ және қатты жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйдің жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) немесе жеке иесі болып табылатын отбасыларға (азаматтарға), байланыс қызметтеріне, яғни телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің өсуіне және жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемге, шығындар өтемақы өлшемдері қамтамасыз етілетін шектік нормада болса, бірақ жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, газ және қатты жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйдің жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) немесе жеке иесі болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) байланыс қызметтеріне, яғни телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің өсуіне және жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға нақты шығындардан көп емес.
Отбасы бюджетінде осы мақсаттарға арналған шығыстар шекті – ұйғарынды үлестен асып түседі, жекешелендірілген тұрғын үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, газ және қатты жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйдің жалдаушысы (қосымша жалдаушысы) немесе жеке иесі болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) байланыс қызметтері, яғни телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің өсуіне және жергілікті атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға, шекті – ұйғарынды шығындардың үлесі 10 % көлемінде отбасының жиынтық табысына белгіленеді.
4. Тұрғын үй көмегінің көлемі, кондоминиум нысанының жалпы мүлігінің күрделі жөнделуіне қаражат жинауға жарналарға және (немесе) күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, газ және тығыз жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), өтемақы өлшемдерімен қамтамасыз етілген тұрғын үйді шектік нормада пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға, байланыс қызметтеріне, яғни телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің өсуіне төленген соманың және осы мақсаттарға жұмсалған отбасы шығындарының шекті - ұйғарынды деңгейіндегі үлесінің арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
2. Өтемақы өлшемдерін қамтамасыз ететін мөлшерлерді анықтау
5. Тұрғын үй көмегі өтініш берушінің тұратын жері бойынша уәкілетті мемлекеттік ұйыммен келесі нормалар бойынша беріледі:
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген отбасының әр мүшесіне ұсынылған (18 шаршы метр), көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін әлеуметтік норма - 30 шаршы метр тұрғын үй нормаларына баламалы;
2) газ тұтыну мөлшері:
орталықтандырылған ыстық сумен жабдықталған жағдайда- айына 8 килограмм;
орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм;
3) электр қуатын тұтыну мөлшерлері:
газ плиталарымен жабдықталған үйлерде – тұрғын үйге айына 150 киловатт;
электр плиталарымен жабдықталған үйлерде – тұрғын үйге айына 250 киловатт;
4) сәйкестіктегі қызметтік түріне тарифтерді бекіту кезінде қызмет берушімен қарастырылған нормалар бойынша есептеледі (пәтерлерді иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері) басқару нысанына қарамастан пайдалану шығындарын және қоқысты жою, ыстық су, кәрізді, суық суды тұтыну;
5) қатты жағармайды тұтыну нормасы:
1985 жылға дейінгі құрылыстағы тұрғын үй ғимараттары үшін аумақтың 1 шаршы метрін жылыту 7 айлық жылу мерзіміне есептегенде – 1-2 қабатты құрылыстағы үйлер үшін 161 килограмм, 3-4 қабатты құрылыстағы үйлер үшін 98 килограмм;
1985 жылдан кейінгі құрылыстағы тұрғын үй ғимараттары үшін аумақтың 1 шаршы метрін жылыту 7 айлық жылу мерзіміне есептегенде – 1-2 қабатты құрылыстағы үйлер үшін 125 килограмм, 3-4 қабатты құрылыстағы үйлер үшін 72 килограмм.
Статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Шахтинск аумағының аймағында қалыптасқан көмір бағалары тұрғын үй көмегін есептегенде қолданылады.
6. Күрделі жөндеуді төлеу, және отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум нысанының жалпы мүлігін күрделі жөндеуге жиналған жарнаны, жекешелендірілген тұрғын үйде (пәтерлерде) немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерді жалға алушыларға, коммуналдық қызметпен тұтынуға, газ және тығыз жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), жергілікті атқару ұйыммен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған жалгерлік ақыны төлеуге нормадан артық төлемдер жалпы негіздемелерге сүйеніп жүргізіледі.
3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу
7. Тұрғын үй көмегі Шахтинск аумағының аймағында тұрақтап тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады.
8. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немесе жалдайтын отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқықтарын жоғалтады.
9. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ төрт жасқа дейінгі және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеумен айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ.
10. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй көмегі туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда көмекке үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
11. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері, байланыс қызметтеріне, яғни телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің өсуіне, өтемақы өлшемдерімен қамтамасыз етілетін, шектік нормалы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалгерлік ақыға, газ және тығыз жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), коммуналдық қызметтерді тұтынуға, кондоминиум нысанының жалпы мүлігінің күрделі жөнделуіне қаражат жинауға жарналарға және (немесе) күрделі жөндеуді төлеу сомасынан артуы тиіс емес.
12. Тұрғын үй көмегі ақшалай, қолма - қол ақысыз және аралас үлгіде ұсынылады.
Ақшалай үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегінің төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Қолма - қол ақысыз үлгісі осы қызмет түріне келетін тұрғын үй көмегінің сомасына тең сомаға коммуналдық қызметтердің әрбір түріне төлемдерді азайту түрінде белгіленеді. Әрбір қызмет түрі бойынша тұрғын үй көмегінің сомалары тұрғын үй көмегін алушының жеке шотына әрі қарай аударылу үшін қызметтерді жабдықтаушыларға тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті органмен аударылады.
Аралас үлгі осы қызмет түріне келетін тұрғын үй көмегінің сомасына тең сомаға (жәрдемақы алушының таңдауы бойынша - бір немесе бірнеше) қызметтің әрбір түрі үшін төлемдерді азайту түрінде белгіленеді. Әрбір қызмет түрі бойынша тұрғын үй көмегінің сомалары тұрғын үй көмегін алушының жеке шотына әрі қарай аударылу үшін қызметтерді жабдықтаушыларға тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті органмен аударылады. Тұрғын үй көмегінің қалған сомасы азаматтардың салымдары бойынша шоттарға аудару жолымен тұрғын үй көмегін беру бойынша уәкілетті ұйыммен ақшалай нысанда төленеді.
Тұрғын үй көмегін төлеу түрін таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
Кондоминиум нысандарының жалпы мүлігін күрделі жөндеуге қаражат жинауға жарналар және (немесе) күрделі жөндеуге мақсатты жарналарға келетін тұрғын үй көмегінің сомалары кондоминиум нысанының арнайы жинақтаушы шотына тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті органмен аударылады. Жинақтаушы шоттардан қаражаттарды мақсатты пайдалануға жауапкершілік кондоминиум нысанын басқару органына жүктеледі.
13. Уәкілетті органның тұрғын үй көмегін алғаннан кейін бір ай ағымында телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, нормасы шегінде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің, газ және тығыз жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), коммуналдық қызметтерді тұтынуға, кондоминиум нысанының жалпы мүлігінің күрделі оңдалуына қаражат жинауға жарналарға және (немесе) күрделі жөнделуіге нақты төлемдерді белгісіз себептермен (ауру, уақытша болмау және т.б.) төлемеген азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындаудан бас тартуға және тоқтатуға құқығы бар. Көмектен бас тарту және тоқтату туралы мәселе тұрғын үй көмегін алушыны шақыртумен арнайы комиссиямен қарастырылады.
14. Тұрғын үй көмегі төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұратын жері бойынша уәкілетті органнен хабарласады және осы Ережелерге 1 қосымшаға сәйкес, өтініштің бланкісін тегін алады.
16. Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі;
4) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер (2 қосымша) және оларды растайтын құжаттар (әлеуметтік жәрдемақылар, зейнетақылар, жалақылар туралы анықтамалар, пошталық аудармдардың квитанциялары және т.б.), белгіленген үлгідегі қосалқы шаруашылықтын бары туралы мәліметтер, жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселесі бойынша уәкілетті органның анықтамасын ұсынады;
5) телекоммуникация желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтерінің, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, нормасы шегінде тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемінің, газ және тығыз жағармай алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), коммуналдық қызметтерді тұтынуға, кондоминиум нысанының жалпы мүлігінің күрделі оңдалуына қаражат жинауға жарналарға және (немесе) күрделі оңдауды нақты төлемдерді төлеуге шығындар туралы шоттар.
17. Кондоминиум нысанының жалпы мүлігін күрделі жөндеуге қаражат жинауға жарналар және (немесе) күрделі жөндеу шығындарын өтеу кезінде кондоминиум нысанының жалпы мүлігін күрделі оңдауға қаражат жинауға жарналар және (немесе) күрделі жөндеуге мақсатты жарналардың көлемі туралы шот ұсынылады.
18. Кондоминиум нысанының жетекшісінің қолымен және мөрімен бекітілген шот пәтер жалдаушылардың (қосалқы жалдаушылардың) және иелердің жалпы жиналыстарында бекітілген және жергілікті орындаушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген кондоминиум нысанының жалпы мүлігін күрделі жөндеуін бөлек түрлерін өткізуге шығындардың сметасы негізінде кондоминиум нысанының басқару органымен көрсетіледі.
19. Телекоммуникация желісіне байланыс қызметтеріне, яғни телекоммуникация жүйесіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің өсуіне, қатты жағармай және газ алуға (пешпен жылытатын үйлер үшін), коммуналдық қызметтерді тұтынуға шығындарды өтеу кезінде келесі құжаттар ұсынылады:
коммуналдық қызметтерді тұтынуға жабдықтаушымен ұсынылған шоттар;
тұрғын үй көп пәтерлі үйлерде (ғимараттарда) немесе жеке тұрғын үйде орталықтандырылған жылудың болмау жағдайында газ (квитанция) және жағармай алуды растайтын (жабдықтаушы-ұйымның мөрімен және лауазымды тұлғаның қолымен бекітілген, алынған көмірдің көлемі және бағасы, жабдықтаушының және сатып алушының толық реквизиттарын көрсетумен мекен-жайы, ЖСН, сатып алушының тегі, аты, әкесінің аты, банктік және салық реквизиттары жабдықтаушы-ұйымның орналасу жері және атауы көрсетілген көмірді сатуға шот немесе жүкқұжат) құжат ұсынылады;
өтініш берушінің қалалық телекоммуникациялар желісінің абоненті екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі.
20. Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдамалы төлемге шығындарды өтеу кезінде жалгерлік ақының көлемі туралы жергілікті орныдаушы органмен берілген шот ұсынылады.
Егер қызмет жабдықтаушысы алушыларға шот ұсынбаса және жалпы келісім негізінде жұмыс істеген жағдайда өтініш беруші 3 қосымшаға сәйкес қызметті ұсыну туралы жабдықтаушымен толтырылған мәліметтерді ұсынады.
21. Уәкілетті органның маманымен құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері салыстырылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады, ал өтініш белгіленген үлгідегі мәліметтерді, қажетті көшірмелерді және басқа құжаттарды қоса беріп тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша өтініштердің журналында тіркеледі. Тұрғын үй көмегіне құқықты айқындау кезінде отбасында сәйкестіктегі құжатпен расталатын, басқа қалада уақытша тұратын тұлғалар есептелмейді.
22. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй көмегін алушының жеке ісіне тіркеледі.
23. Тапсырылған құжаттарды өтіну мерзімінен бастап 10 күн ағымында қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй көмегін беру жөнінде келісім-шарт жасалады (4 қосымша). Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй көмегін алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.
Тұрғын үй көмегі қажетті құжаттармен бірге өтініш беру айынан бастап 6 айға дейінгі мерзімге отбасы құрамы туралы және табыстары туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен тағайындалады. Отбасы құрамы туралы және табыстары туралы мәліметтерді ағымдағы тоқсанның ағымында, себептерге байланыссыз, ұсынбаған отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу тоқтатылады және құжаттарды ұсынғаннан кейін жаңартылады. Отбасы құрамы туралы және табыстары туралы мәліметтерді келісімнің әрекеттегі мерзімі аяқталғанға дейін ұсынбаған отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу қалған айларға өңделмейді.
Уәкілетті мемлекеттік органмен, қызмет берушілермен немесе өтініш берушімен ұсынылған өтіну бойынша өтініш берушіге берілетін түбіртектің нақты өңделген шығындар бойынша тұрғын үй көмегін аудару ай сайын өңделеді. Қатты жағармайды сатып алуға шығындарды есептеу келісімнің әрекет мерзіміне шығындар сомасын ай сайын бірқалыпты үлестіру жолымен жағармай сатып алу нақтылығын растайтын құжат негізінде өңделеді.
24. Өтініш беруші әрекеттегі заңнамаға сәйкес ұсынылатын құжаттардың растығына және қате мәліметтерді ұсынуға жауапты.
25. Тұрғын үй көмегін алушыларға 15 күн ағымында тұрғын үй көмегінің көлеміне немесе алу құқығына әсер ететін жағдайлар туралы уәкілетті мемлекеттік органды ақпараттандыру қажет.
26. Қоғамдық-төленетін жұмыстарға қатысудан бас тартқан немесе өз беттерімен оқуды тоқтатқан немесе ұсынылған жұмыстан бас тартқан жұмыссыз азаматтары бар отбасылар осы көрсетілген жағдайлар болған айдан бастап тұрғын үй көмегін алуға құқығынан айырылады, ал артық төленген сомалар өздігімен немесе заңнамада көрсетілген тәртіп бойынша қайтарылуы қажет.
27. Коммуналдық қызметтерге тарифтердің және үлестердің, коммуналдық қызметтерді және тұрғын үйді ұстауға төлемдерді төлеуге отбасының шекті-ұйғарынды шығыстар үлесінің өзгеруі кезінде сәйкестіктегі өзгерістер басталған мерзімінен бастап алдында тағайындалған көмектің қайта есептелуі өңделеді.
28. Жоғары мөлшерде тұрғын үй көмегін тағайындауға және төлеуге немесе тұрғын үй көмегін ұсынуға негізсіз келісім жасауға әкеліп соқтырған жалған мәліметтер ұсыну жағдайында өтініш беруші арнайы комиссияның қорытындысының негізінде бір жыл ағымында тұрғын үй көмегін алуға құқығынан айырылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар заңнамамен белгіленген тәртіпте немесе өз еркімен қайтарылуы қажет.
4. Жалпы табыстарды есептеу
29. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган есептейдi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган).
30. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Есеп кезеңінде өзгерістер болған отбасының жалпы табыстарын есептеу кезінде келесі тоқсанның бірінші айынан бастап отбасының келген (кеткен) мүшесінің табыстары есептеледі (есептелмейді).
31. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақысына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
32. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
33. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
34. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағасы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
35. Орташа жан басына шыққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлерi
36. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) өз еркімен айтылған өзге де табыстар.
37. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк мекенжайлық әлеуметтiк көмек;
2) тұрғын үй жәрдемақысы;
3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
5) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
6) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
7) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
9) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай корсетілген көмек түрлері:
дәрілiк препараттар;
шипажай-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық құралдар (жасау және жөндеу);
жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру түрiнде көрсетiлген заттай көмек түрлерi;
11) ақшалай және заттай түрлі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру саласында білім беру ұйымдарында оқытылатын аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін материалдық және қаржылай көмек;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен және басқа да көздерден азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне байланысты аз қамтылған азаматтарға көрсетілген ақшалай немесе табиғи түрдегі көмек.
38. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының мынадай түрде алынған табысы есепке алынады:
1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы.
Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
жалға алу бойынша еңбекті төлеу;
көрсетiлген төлемдер несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлемдері;
үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
1, 2-топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;
заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Ереженiң 37-тармағының 10 тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
39. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
40. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс, жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
41. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
42. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
43. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
44. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыстар:
1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған. Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
45. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды. Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
46. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
47. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
48. Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
49. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
50. Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарған жағдайда сот орындаушысымен берілген алименттер бойынша қарыздар туралы анықтама немесе жеке өтініші және орындау парағының негізінде жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледi.
51. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
52. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алименттi есепке алмай есептеледi.
53. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады.
54. Жалпы табыстын құрамына жеке қосалқы шаруашылықтын табыстары қосылады (үй малын, құсын, өсіруден, ауыл шарушылық өнімдерін (гүл) өсіруден).
55. Жалпы табыста есептелетін жеке қосалқы шаруашылықтын табыстары (үй малын, құсын, өсіруден, ауыл шаруашылық өнімдерін (гүл) өсіруден) өздігімен берілген мәліметтер негізінде әр отбасы бойынша есептеледі.
56. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Ережеге 5, 6, 7, 8 қосымшалардың негiзiнде есептейдi.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
57. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (ocы Ережеге 2, 3-қосымшаларға сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
58. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкiлеттi органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
Малды (құсты) есептеу кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
59. Осы Ережеге 7 қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
60. Осы Ереженiң 53 тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
61. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.
62. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
6) авторлық сыйақы түрiндегi;
7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
9) қайтарымсыз алынған ақша;
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
11) ақшалай аударымдар;
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
63. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
64. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
65. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне
1 Қосымша
Өтініш
Өтініш берушіні қосқанда _____ адамнан тұратын менің отбасыма тұрғын үй көмегін есептеуді сұраймын.
Мен және менің отбасымның мүшелері біздің отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтерді тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті мемлекетті органға беруге біздің келісіміміз ретінде жеке және заңды тұлғаларға ұсыныла алатын табыстар туралы ақпаратты ашуға келісім береміз.
Мен, тұрғын үй көмегін заңсыз немесе жоғары тағайындауға әкеліп соқтыратын жалған мәліметтерді тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша уәкілетті мемлекеттік органға ұсынғаным үшін бір жыл ағымында тұрғын үй көмегін алуға құқығымнан айырылатыным, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылу керектігін түсінемін және 15 күн ағымында жалпы табыстар немесе отбасы құрамы, тұрғын үй жеке меншік нысанының түрлі өзгерістері туралы хабарлауды міндеттенемін.
Тұрғын үй көмегінің алынған сомаларын есептерге сәйкес қызмет ұсынушының шоттарына уақытылы аударуға міндеттенемін.
Жалған мәліметтер және жасанды құжаттар ұсынған үшін жауапкершілік жөнінде ескертілдім.
Өтініш берушінің мәліметтері
Өтініші берушінің Ә.Ж.Т. ______________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері ______________
Туған мерзімі _____________ куәліктін N және беру уақыты ______
ЖСН ____________________ СТН _________________ ӘЖК ____________
Екінші деңгейдегі банктегі шот ______________ N _______________
Табыс түрі ____________________________________________________
зейнетақы, жалақы, стипендия және т.б.
Өтініште көрсетілген басқа табыстар жоқ
Тұру ауданы ___________________, көше _________________________
N ______үй, N___________пәтер телефон _________________________
Иегерлік __________________ Түрі ______________________________
КСУ, КСК, және т.б. жеке меншік, мемлекеттік
Жалпы көлемі ________ шаршы м. Қосымша көлемі ______шаршы м. бөлмелер саны ____
"____"__________20__ж Өтініш берушінің қолы ___________
Құжаттар қабылданды:
"____"_________20___ж ____________ ___________________________
қолы (құжат қабылдаған лауазымдық тұлғаның Ә.Ж.Т.)
кесу сызығы
___________________ азаматының өтініші ____ данада қоса берілген құжаттармен
Отбасының тіркеу нөмірі __________
____________________________ _________________________________
қолы (құжат қабылдаған лауазымдық тұлғаның Ә.Ж.Т.)
"_________"_________________20___ж қабылданды
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне
2 Қосымша
20___ ж тоқсанында өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы
МӘЛІМЕТТЕР
_____________________________________ ________________________ (Ә.Ж.Т.) (мекен-жайы, телефон)
Отбасы мүшелерінің Ә.Ж.Т. |
Оқу, жұмыс орны |
Табыстардың құжаттық расталған сомалары |
Басқа көрсетілген табыстар |
|||
Табыс түрі |
Сома, теңге |
Табыс түрі |
Сома, теңге |
|||
"____"__________20___ж Өтініш берушінің қолы __________________
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне
3 Қосымша
Коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындар туралы
МӘЛІМЕТТЕР
Төлеуші _______________________________________________________
Мекен-жайы ____________________________________________________
Жалпы аумақ _____________ шаршым. бөлмелер саны _______________
Үйдің жалпы мінездемесі _______________________________________
(газ, лифт, ыстық су)
шот N ___________________ Халық банкінің филиалы ______________
Төлем түрі |
Тариф |
есептелді |
Ұйымның мөрі |
1.Жылу |
|||
2. Суық су |
|||
3. Кәріз |
|||
4. Эл.қуаты |
|||
5. Газ |
|||
6. Қоқыс шығару |
|||
7. Телефон |
Маманның қолы ______________________________
Қабылдау мерзімі ___________________________
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне
4 Қосымша
Тұрғын үй көмегін ұсынуға N
КЕЛІСІМ
"__________________" Шахтинск қ.
"Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ, әрі қарай "Қалалық бөлім" деп аталатын, _________________________________________, тұлғасында бір тараптан, және иесі (жалдаушысы) ______________________________________________ екінші тараптан төмендегі туралы осы келісімді жасады:
1. Тұрғын үй иесінің (жалдаушының) ұсынылған құжаттары негізінде Қалалық бөлім _____ адамнан тұратын отбасы бар _____________________________________________________________________ _______________ теңге _______________ тиын сомасында (____________________________________________ теңге ________тиын) ақшалай (қолма қол ақысы, аралас) түрінде осы келісімге қол қою мерзімінен бастап 6 айға дейнгі мерзімге тұрғын үй көмегін ұсынады. Тұрғын үй көмегінің сомасы отбасының жалпы табыстары мөлшеріне және тұрғын үйге жалға алу төлемінің, телекоммуникация қызметтеріне абоненттік төлемдердің, коммуналдық қызметтерге нақты шығындардың өзгеруі кезінде өзгертіле алады.
2. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегі болған кезде оны ай сайынға есепке сәйкес жалға алу төлеміне, телекоммуникация қызметтеріне төлеуге аударымдарды өндеуге міндеттенеді.
3. Тұрғын үй көмегін алушы 15 күн ағымында отбасы құрамы және оның жалпы табыстары, тұрғын үй меншігінің нысанының түрлі өзгерістері туралы Қалалық бөлімді ақпараттандыруға міндеттенеді.
4. тұрғын үй иесі (жалдаушысы) сынған тұрғын үй көмегін заңсыз немесе жоғары алуға әкеліп соқтырған Қалалық бөлімге ұжалған мәліметтер үшін бір жыл ағымында тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуы қажет.
5. келісім екі данада жасалды, біреуі тұрғын үйдің иесінде (жалдаушысында) сақталады.
6. Тұрғын үй көмегінің есебі қоса беріледі.
7. Осы келісім тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болып табылады.
8. Осы келісім бойынша пайда болатын даулар әрекеттегі заңнамаға сәйкес шешіледі.
"Шахтинск қаласының Тұрғын үйдің иесі
жұмыспен қамту және (жалдаушы)
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ
_____________________ ______________________
_____________________ ______________________
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне
5 Қосымша
Қарағанды облысының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI
(құрғақ дала аумағы)
1. Нұра |
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне
6 Қосымша
Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өсімдік шаруашылығының өнімі
Өнім |
Жердің 1 соткасынан орташа түсімі, кг |
Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа еңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге |
1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ-3-ағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Бидай |
20 |
268 |
|||
Арпа |
25 |
188 |
|||
Қарамық |
5 |
150 |
|||
Жүгерi (жасыл салмағы) |
100 |
128 |
|||
Көп жылдық шөптер |
15 |
91 |
|||
Бiр жылдық шөптер |
10 |
83 |
|||
Картоп |
70 |
1164 |
|||
Көкөнiстер |
80 |
1245 |
|||
Бақшалар |
115 |
518 |
|||
Шекілдеуiк бақтары (алма, алмұрт және басқалары) |
30 |
583 |
|||
Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары) |
22 |
514 |
|||
Жидек дақылдары |
23 |
819 |
|||
Жүзім |
22 |
595 |
Мал шарушылығын өнімі
Өнiм |
1 бастан алатын орташа өнімділік кг (л) |
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге |
1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге |
1 бастан өндірілген өнімнің орташа бағасы теңге (2-бағ.х 4-бағ.) |
1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-),теңге (5-бaғ-3-ағ.) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Сүтті iрi қара мал (сүт) |
1900 |
21034 |
|||
Eтті iрi қара мал (сиыр еті) |
179 |
16435 |
|||
Шошқалар (шошқа еті) |
110 |
9107 |
|||
Қойлар, ешкілер ет/жүн |
22/2,5 |
3042 |
|||
Жылқы (жылқы еті) |
124 |
7446 |
|||
Түйе (түйе еті) |
126 |
2979 |
|||
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа) |
200 яиц |
728 |
|||
Етті құс (құс еті) |
2,5 |
489 |
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне
7 Қосымша
АЗЫҚ-ТҮЛIКТЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН YЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ ЖАСЫ
Малдардың түрi |
Өлшем бірлігі |
Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы |
Iрi қара мал |
ай |
25 |
Қойлар мен ешкiлер |
ай |
12 |
Шошқалар |
ай |
10 |
Жылқылар |
ай |
16 |
Түйелер |
ай |
18 |
Жұмыртқалайтын құс |
күн |
195 |
Етті құс |
күн |
125 |
Тұрғын үй көмегін ұсыну ережелеріне
8 Қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң
ҮЛГI ЖЕКЕ НОРМАТИВТIК КАРТОЧКАСЫ
Өтiнiш берушiнiң
Т.А.Ә. ________________________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы _____________________________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi |
жер, сотка, мал басы, саны |
жылына түсетiн табыс нормативi, теңге |
жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге |
бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге |
Бидай |
||||
Арпа |
||||
Дәнi алынатын жүгерi |
||||
Күрiш |
||||
Қарамық |
||||
Картоп |
||||
Көкөністер |
||||
Бақшалар |
||||
Күнбағыс |
||||
Қант қызылшасы |
||||
Темекi |
||||
Шекiлдеуiк бақтары |
||||
Сүйектi жемiс бақтары |
||||
Жемiстер |
||||
Жүзiм |
||||
Көп жылдық шөп |
||||
Бiр жылдық шөп |
||||
Жасыл жемге берiлетiн жүгерi |
||||
Сүттi iрi қара мал |
||||
Еттi iрi қара мал |
||||
Шошқалар |
||||
Қойлар мен ешкілер |
||||
Жылқылар |
||||
Түйелер |
||||
Жұмыртқалайтын құс |
||||
Еттi құс |
||||
Барлығы: табыс |
X |
X |
Х |
"__"___________ 20__ ж. __________________________
(өтініші берушінің қолы)
(Есепті орындаған тұлғаның қолы Т.А.Ә._________________________