Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының IV шақырылған XXI сессиясының 2010.07.09 N 581/21 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес қалалық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVІІ сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы" N 240/27 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-28, 2006 жылғы 3 қарашадағы N 43 (842) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған, 2006 жылғы 10 қарашадағы N 44 (843) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), Шахтинск қалалық Мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі ХХХІV сессиясының "Шахтинск қалалық Маслихаттың "Азаматтарға тұрғын үй жәрдем ақыларын және тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудегі ұсыныстар Ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 10 қазандағы XXVII сессисының N 240/27 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 312/34 шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-42, 2007 жылғы 7 қыркүйектегі N 36 (886) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), Шахтинск қалалық Мәслихатының 2008 жылғы 3 сәуірдегі V сессиясының "Шахтинск қалалық Маслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVІІ сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы" N 240/27 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" N 390/5 шешіміменөзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-52, 2008 жылғы 16 мамырдағы N 19 (921) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), қалалық Мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі ХІІ сессиясының "Шахтинск қалалық Мәслихатының 2006 жылғы 10 қазандағы ХХVІІ сессиясының "Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесін бекіту туралы" N 240/27 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 468/12 шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу Тізілімінде тіркеу нөмірі 8-8-66, 2009 жылғы 22 мамырдағы N 19 (974) "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) кіріспе бөлімінде (кіріспесінде) "мемлекеттік басқару" деген сөздерінен кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздерімен қосылсын;
2) атында және бүкіл мәтіні бойынша "қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін" деген сөздерді "телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін" деген сөздерімен ауыстырылсын;
3) кіріспе бөлімін (кіріспесін) азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Ережесі (бұдан әрі мәтін бойынша – Ереже тиісті септікте) мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы N 1092 "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" және азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларды беру ретін анықтайды.";
4) Ереженің 1 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі - телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) – тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеу жөніндегі тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілу шығындарын өтеуге арналған және қолданыстағы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.";
5) Ереженің 14 тармағындағы "уәкілетті органға" деген сөзінен кейін "немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚО тиісті септікте)" деген сөздермен қосылсын;
6) Ереженің 14 тармағының 2) тармақшасы " - түпнұсқаны және көшірмені" деген сөздермен толықтырылсын;
7) Ереженің 14 тармақтың 7 тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер 7 қосымшаға сәйкес ұсынылады, оларды дәлелдейтін құжаттар (еңбек ақы, зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақылар туралы анықтамалар, пошта аударымдарының түбіртектері және тағы басқалары), жеке үй шаруашылыға бар екендігі туралы мәліметтер белгіленген үлгі бойынша ұсынылады;";
8) Ереженің 17 тармағындағы "өтініш" деген сөздер "өтініштің барлық қажетті құжаттармен түсімі" деген сөздермен ауыстырылсын".
2. Шешім осы шешімдегі 1 қосымшаға сәйкес 7 қосымшамен толықтырылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы М. Бачаева
Қалалық мәслихаттың хатшысы Ә. Сатова
Қалалық маслихаттың
2009 жылғы 3 шілдедегі
ХIII сессиясының N 488/13
шешіміне 1 қосымша
Азаматтарға тұрғын үйді ұстауға,
коммуналдық қызмет көрсету үшін
тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және қалалық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің Ережесіне
7 қосымша
200 __ ж _______________тоқсанда
Өтінушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы
МӘЛІМЕТ
______________________________ ______________________________
(АӘТ) (мекенжайы, телефоны)
N |
Отбасы мүшелерінің АӘТ |
Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар тіркеу жөніндегі деректерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның анықтамасымен растайды) |
Табыстардың құжат арқылы расталған сомалары |
Басқа мәлімделген табыстар |
||
Табыс түрі |
Сома, теңге |
Табыс түрі |
Сома, теңге |
|||
Өтініш берушінің қолы______________________________
Күні_______________________________________________