Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 12.06.2014 30 сессиясының № 30/310 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарының негізінде Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы 21 кезекті сессиясының "Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек беру туралы" N 21/259 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2010 жылғы 7 сәуірде N 8-9-80 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі N 17 (3814) санында жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1) 1 тармақ келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) берілген өтінімдер мен локальдық сметаларға сәйкес, Абай ауданында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін.".
2. Осы шешім оларды алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрағасы К. Қанжекеев
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ
"Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Ақсанов
2010 жыл 17 маусым
"Абай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Макенова
2010 жыл 17 маусым