Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 12.06.2014 30 сессиясының № 30/310 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдардың негізінде Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТ:
1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Абай ауданында тұратын төмендегі санаттағы азаматтарға тиісті әлеуметтік төлемдердің сомасы тағайындасын және аударсын:
1) Ұлы Отан соғысының Жеңісі мейрамына қарай, Ұлы Отан соғысының қатысушыларға теңестірілген адамдарға:
қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтарға;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауыруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
тылдағы еңбеккерлерге;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлемдері шығындары бойынша ай сайынғы материалдық көмек;
3) алынып тасталды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 20.06.2013 N 17/178 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
4) берілген өтінімдер мен локальдық сметаларға сәйкес, Абай ауданында тұратын Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің тұрғын үйлерін жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмек көрсетілсін;
5) 1 топ мүгедектеріне – қала ішіне, қала маңына және жергілікті жерлерде қатынайтын қоғамдық көліктің барлық түрінде (таксиден басқа) жол жүру ақысын төлеу үшін бір жолғы ақшалай өтемақы көрсетілсін;
6) әлеуметтік көмек бойынша қосымша шаралар көрсетуге, Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне, қатысушыларына және оларға тең тұлғаларға санаториялық-курорттық емделу түрінде жергілікті бюджеттен қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 17.06.2010 N 23/279 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 13.10.2011 N 38/476 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді); 20.06.2013 N 17/178 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Л. Мухутдинова
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ
"Абай ауданының еңбекпен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Ақсанов
"Абай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Мәкенова