Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 40 сессиясының 2011.11.28 N 40/488 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" және 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 маусымдағы 23 кезекті сессиясының N 23/278 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне – 2010 жылғы 26 шілдеде N 8-9-84 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 33 (3829) және 2010 жылғы 6 тамыздағы N 34 (3830) сандарында жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
1) орыс тіліндегі Ереженің кіріспесінде "порядок предоставления жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөздерімен толықтырылсын.
2) мемлекеттік тіліндегі Ереженің кіріспесінде "сәйкес әзерленді және" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім оларды алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбе күн өткен соң күшіне енеді.
Сессия төрағасы,
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Цай
КЕЛІСІЛДІ
"Абай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ж. Макенова
23.12.2010 ж.
"Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы Б. Муталяпова
23.12.2010 ж.