Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, Бұқар жырау ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Ғ. Мұстафин кентінің Нұра станциясының шаруашылықтары мен аулаларында ірі қара малдар арасында некробактериоз тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малдар арасында некробактериоз тіркелуіне байланысты, Ғ. Мұстафин кентінің Нұра станциясының аулаларында ірі қара малдар арасында некробактериоз бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
1) шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға (енгізуге), сыртқа шығаруға (әкетуге), тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
2) эпизоотикалық ошақтар анықталған аумақтардан басқа аумақтарға әкету үшін шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сонымен қатар мал және адамдардың топталуына байланысты шаралар өткізуге;
3) некробактериозбен ауырған малдар олардың асыл тұқымдығына және өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан толық сауыққанға дейін симптоматикалық емдеу жүргізу үшін басқа малдардан оқшаулансын.
3. Некробактериозге бейім малды (оның ішінде асыл тұқымды) сатып алған жағдайда, олар 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұсталсын.
4. Бұқар жырау ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі белгіленген мерзімде шектеу іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін және ауыл шаруашылығы малдарының некробактериозбен күресу және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
5. Ғ. Мұстафин кентінің әкімі (Ахметрашит Қалиұлы Мамалинов) шектеу іс-шараларын ұйымдастыруға ықпал жасасын.
6. Ішкі істер басқармасы (Серік Сағымбайұлы Әлиев) (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау ауданы аумақтық инспекциясы (Ербол Омарбайұлы Садиров) (келісім бойынша) селолық округтар мен кенттер әкімдері аппараттарының бас мамандары - ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы малдарының орын ауыстыруына бақылауды күшейтсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Манат Сәлімұлы Құрманғалиевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е. Нашаров |
Келісілген | |
Бұқар жырау ауданының | |
бас мемлекеттік | |
ветеринариялық-санитарлық инспекторы | Е. Садиров |
23.07.2010 ж. | |
Аудандық ішкі істер | |
басқармасының бастығы | С. Әлиев |
23.07.2010 ж.