Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011.08.11 N 27/2 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ұлғайтуда – колледждер, кәсіптік лицейлердің, жоғары оқу орындарының түлектерінің практикалық тәжірибе, білім алу және машықтану мақсатында, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті органға "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттік Мекемесі (бұдан әрі жұмыспен қамту бөлімі):
1) жоғары оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің түлектері арасында жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру үшін Жастар практикасын ұйымдастырсын;
2) жұмыссыз жастар үшін кәсіптік дипломнан кейінгі практикасын ұйымдастыруға жұмыс берушімен шарт жасасын.
2. "Жастар практикасына" қабылданған тұлғалардың айлық еңбекақысы, республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 20000 теңге мөлшерінде анықталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.
Приозерск қаласының әкімі Н. Бікіров