Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 29.05.2020 № 36/437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тарихи - мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 36 - бабы 2 - тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары осы шешімнің № 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес бекітілсін:
Бейнеу ауданында орналасқан "Ескі Бейнеу қорымы";
Маңғыстау ауданында орналасқан "Қараман ата қорымы";
Маңғыстау ауданында орналасқан "Сисем ата қорымы";
Түпқараған ауданында орналасқан "Шақпақ ата жерасты мешіті мен қорымы".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Сарбасов |
Облыстық | |
мәслихат хатшысы | Б. Шелпеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Облыстың мәдениет
басқармасының бастығы
М. Ғұмарова
13 желтоқсан 2010 ж.
Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/334 шешіміне № 1 - қосымша |
"Ескі Бейнеу қорымы" ескерткішінің
қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы және
қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекаралар
Ескерткіштің қорғау аймағы Бейнеу тарихи елді мекенінің ажырамас бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары арқылы белгіленеді. Қорғалатын аймаққа:
көшпелі малшылардың қыстауларының археологиялық қалдықтары және қазіргі заманғы дәстүрлі қыстауларынан тұратын Бейнеу тарихи елді мекенінің орны;
осы қыстаулардағы жергілікті малшылардың дәстүрлі түрде пайдаланатын жайылымдары;
Бекет ата жерасты мешіті;
Бейнеу тарихи қорымы;
құдықтар;
қорғандар;
ежелгі жолдар енген.
Қорғау аймағының жалпы ауданы – 449 га.
Құрылыс салуды реттеу аймағы қазіргі негізгі жолдар мен олардың торабы айналасындағы жер көлемін, солтүстік беткейіндегі құрылыстар салынған кішігірім елді мекендердің жер көлемін, сонымен қатар, ұлутас өндірілетін карьерге жақын жерлер. Құрылыс салуды реттеу ауданы – 640 га.
Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы ескерткіштің қорғау аймағының айналасындағы жер көлемінде орналасқан. Бұл аймақ елді мекеннің тарихы мен өміріне байланысты, аса ғылыми құнды және эстетикалық сапалы табиғи ортадан құралады. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағының ауданы 1190 га құрайды.
Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/334 шешіміне 2 - қосымша |
"Қараман ата қорымы" ескерткішінің
қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы
және қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағы "Қараман ата қорымының" ажырамас бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары арқылы белгіленеді. Қорғалатын аймаққа:
Қараман ата жерасты мешіті;
Қараман ата қорымы енген.
Қазіргі таңда Қараман ата қорымының негізгі бөлігі қоршалған. Қорымның көлемі 4 га. Қорымның оңтүстік - батыс беткейінде қоршаудан тыс 8 - 9 ғғ. белгіленетін қабірүсті ескерткіштер орналасқан. Олардың саны - 40 дана. Ескерткіштің қорғау аймағының жалпы ауданы - 7,2 га
Құрылыс салуды реттеу аймағы ескерткіштің қорғау аймағының айналасындағы жер көлемінде шоғырланған. Ескерткіш діни-мемориалдық сәулет санатына жатуына байланысты ескерткіштің айналасында тек негізгі мақсаттағы құрылыстар салынуы мүмкін. Қорымның қоршауынан тыс солтүстік-шығыс беткейіндегі құрылыс салуды реттеу аймағында жаңа қойылымдарға арналған жер телімін бөлу ұсынылады. Қорымның батыс беткейінде зияратшыларға арналған құрылыстар кешені орналасқан. Құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы - 11,2 га
Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы ескерткіштің қорғау аймағының іргелес радиусы 2 - 2,5 км жер көлемінде объектінің көрінетін нүктелері қашықтығында белгіленген. Аймаққа кешеннің даму тарихы үшін маңызды ғылыми аса құнды және эстетикалық сапасы жоғары табиғи орта кіреді. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағының ауданы 1621 га құрайды.
Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/334 шешіміне 3 - қосымша |
"Сисем ата қорымы" ескерткішінің
қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы және
қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекаралары
Ескерткіштің қорғау аймағына Сисем ата қорымының жер көлемі және одан 200 - 250 м қашықтығындағы жерлер енеді. Қорғау аймағының жалпы ауданы - 58 га құрайды.
Құрылыс салуды реттеу аймағы қазіргі замандағы малшылардың қыстаулары мен жаз жайлаулары, көне керуен жолдары және олардың бойындағы құдықтар, елді мекендердің қалдықтары орналасқан жер көлемінде шоғырланған. Ауданы – 1100 га.
Ескерткіш аса күрделі табиғи-мәдени ландшафт болып табылады. Оның негізі – Сисем ата қорымы, онымен осы ландшафттың өзге де табиғи және мәдени құрылымдары тығыз байланысты. Осыған орай екі қорғау режимі бар қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары белгіленген:
аса қатаң қорғалатын табиғи және мәдени ландшафт аймағы;
қорғалатын табиғи ландшафт аймағы.
Қатаң қорғалатын табиғи және мәдени ландшафт аймағы ескерткіштің қорғау аймағының шекараларына қосылатын жер көлемінде шоғырланған, оған қорыммен тарихи және функциялық байланысты тарихи - мәдени мұра нысандары және табиғи орта енген. Аса қатаң қорғалатын табиғи және мәдени ландшафт аймақтарының аудандары – 2050 га және 475 га.
Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы мәдени мұра нысандары айналасындағы табиғи ортада шоғырланған, ежелгі заманнан жергілікті тұрғындар бұл аймақты мал жайылымдары ретінде пайдаланады. Үстірттің батыс шыңдарының бұл бөлігі шөл дала ландшафты болып табылады. Қола дәуірінен бері бұл ортада көшпелі және жартылай көшпелі малшылар мекендеген. Бұл жерде көптеген эндемик және реликт өсімдіктер сақталған, сирек жануарлар кездеседі. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағының ауданы – 11 845 га.
Облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 29/334 шешіміне 4 - қосымша |
"Шақпақ ата жерасты мешіті мен қорымы" ескерткішінің
қорғау аймағы, құрылыс салуды реттеу аймағы және
қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекаралары
Қорғау аймағы ескерткіштің жер көлемімен және жақын жерден көрінетін нүктелермен шектелген. Қорғау аймағының жер көлеміне:
жасанды ойықтары бар қоса жартасты мешіт;
жоғарғы және төменгі террасалардағы қорым;
соңғы кезеңдердегі тас өндірілген жерлер.
археологиялық қабаттарды қорғау аймағы: археология ескерткіштерінің жерлері және археологиялық құндылықтар болуы мүмкін жерлер;
қорымның солтүстік беткейіндегі жаңа қойылымдарға арналған 0,3 га жер телімі енеді.
Құрылыс салуды реттеу аймағы ескерткіштің қорғау аймағына қосылады, алыстан көрініс беретін нүктелермен шектелетін жер көлемінде, сонымен қатар, ескерткішке келетін негізгі көлік жолдары дәліздерінде және құрылыс салынуы мүмкін жерлерде шоғырланған.
Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы теңіз жағалауы аумағын құрайтын басты компонент болып табылатын құнды табиғи ландшафт, жергілікті жер бедерін қорғауға арналған. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекаралары ландшафттік сараптама негізінде көрініс беру бассейнімен белгіленген. Ландшафтты қорғау аймақтары екіге бөлінген:
1 аймақ – жартастардың ұшпаларын қорғау үшін арналған, ауданы - 57,9 га.
2 аймақ – тарихи құрылыстарға үйреншікті көрініс қалыптастыратын жергілікті ерекшеліктерді қорғауға арналған. Ауданы – 432,3 га.
Қорық аймағының жалпы жер көлемі 558,9 га құрайды, оның ішінде:
Шақпақ ата кешенінің қорғау аймағының ауданы – 42,7 га;
Археологиялық мәдени қабаттарды қорғау аймағы – 150,7 га;
Құрылыс салуды реттеу аймағының ауданы – 26 га;
Қорғалатын табиғи ландшафт аймағының аудандары – 432,3 га және 57,9 га.