Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 36/437 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 маусымда № 4225 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М. Дүйсенбаев
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2020 жылғы 29 мамырдағы
  № 36/437 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/334 "Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2094 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қаңтардағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 21/316 "Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2591 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 қаңтардағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған).

      3. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 мамырдағы № 2/19 "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафты аймақтарының шекаралары туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3074 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы № 19/230 "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекаралары туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3655 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады