Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 6/62 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 28 маусымдағы № 26/214 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге көрсетілетін тұрғын үй көмегінің нұсқаулығын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылдың 27 шілдесінде № 11-1-35 болып тіркелген, 2006 жылдың 3 тамызындағы № 124 - 125 “Маңғыстау” газетiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессияның төрағасы,
қалалық мәслихат
хатшысы Ж. Матаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.М. Айтбатырова
4 маусым 2010 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
З.Қ. Төлеш
4 маусым 2010 жылы
Ақтау қаласы мәслихатының
2010 жылғы 4 маусымдағы
№ 33/295 шешіміне қосымша
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) үй
көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» және 2009 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
2.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй - жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және немесе күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы органға жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлік күрделі жөндеуге және немесе күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегі, егер коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемі, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне жұмсалған отбасының шығындары отбасының жиынтық табысының жеті проценттік үлесінен артық болса тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін есептеуде қолданылатын тұрғын үй шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормалары (тұрғын үй шығындары, жылу және сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электр жабдықтау, қоқыс шығару, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және лифт қызметі) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 4 - тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011.04.27 № 42/387 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
5. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011.04.27 № 42/387 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыруға арналған төлемақы Ақтау қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) берілетін тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асады.
7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен анықталады.
8. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.
9. Тұрғын үй көмегі меншік иесіне ақшалай емес түрде коммуналдық қызметтер төлемі шығындарын азайту үшін беріледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдық қызметтер үшін есептелген нақты төлем сомасынан аспауы керек.
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері ай сайын сол айға бекітілген тарифтер тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мен пайдаланған коммуналдық қызметтер шығындары құны негізінен есептеледі.
11. Тұрғын үй көмегі қызметтерді ұсынушылардың берген шоттары бойынша көрсетіледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
12.Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін, азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы жергілікті атқарушы орган берген шот.
Ескерту. 12 - тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011.04.27 № 42/387 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
13. Тұрғын үй көмегі, оны алуға құқығы бар жағдайда, өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға тағайындалады.
Отбасының (азаматтың), табыстарын растайтын құжаттар тоқсан сайын ұсынылғаннан кейін тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу жүргізіледі.
Ескерту. 13 - тармаққа өзгерту енгізілді - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011.04.27 № 42/387 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
14. Өзге адамның көмегіне мұқтаж он алты жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын азаматтарды қоспағанда, еңбекке жарамды жұмыс жасамайтын және уәкілетті органда тіркелмеген азамматтары бар отбасыларға, сондай-ақ меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе үйін жалға берген азаматтарға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
15. Уәкілетті органға жалған ақпарат беру арқылы заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі заңнамада белгіленген тәртіп бойынша қайтарылып алынады
16. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан немесе қоғамдық жұмыстарға қатысудан, кәсіптік даярлау, қайта даярлаудан, кәсіптілігін арттырудан себепсіз бас тартқан және оқуға қатысуды өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
17. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмән туған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды учаскелік комиссияға беріп, өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексертуге, тиісті органдардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажет мәліметтерді сұрата алады.
18. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін алуға тапсырылған құжаттар негізінде анықталады.
Отбасының жиынтық табысына жергілікті өкілді органның шешімі бойынша атаулы әлеуметтік көмектен, әлеуметтік көмектен, бір жолғы материалдық көмектен өзге, белгіленген мерзімде ақшалай немесе табиғи нысан түрінде алынған барлық нақты табысы кіреді.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысына сондай-ақ мыналар қосылады:
табысы жоқ отбасылар үшін тұрғын үй көмегін есептеу үшін өткен тоқсандағы жиынтық табысы ретінде кедейлік шегінің мөлшері алынады;
егер табысы жоқ отбасында коммерциялық бөлімде оқитын студенттер болса, оқуға төленетін бір жылғы төлем сомасы есепке алынады.
4. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
19. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер және пошталық байланыс қызметтері арқылы жүзеге асырылады.
20 Уәкілетті орган ай сайын тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетіп, меншік иелерінің тізімін жасайды.
Тұрғын үй көмегін алушылардың мекен жайы бойынша тағайындалған көмек сомасын қызмет көрсетушілердің шотына аударады.
5. Есеп беру
21. Тағайындалған тұрғын үй көмегінің тізімі негізінде ай сайын қызмет көрсетуші кәсіпорындар тағайындалған көмек сомасына екі данада салыстыру актісін жасайды.
22. Уәкілетті орган Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасына тағайындалған және төленген тұрғын үй көмегінің сомасы туралы тоқсан сайын мәлімет береді.
6. Бақылау
23. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.