Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 6/62 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес,қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 4 маусымдағы № 33/295 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-1-137 болып тіркелген, 2010 жылғы 24 шілдедегі № 124 - 125 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
4 тармақтағы «(Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінен басқа)» деген сөздер алынып тасталсын;
5 тармақ алынып тасталсын;
12 тармақтағы «(Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінен басқа)» деген сөздер алынып тасталсын;
13 тармақтағы:
2 абзац алынып тасталсын;
3 абзацындағы «(Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерінен басқа)» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е.Қосмағанбетов
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Ж. Матаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының міндетін атқарушы
Г.Хайрлиева
27 сәуір 2011 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Ким
27 сәуір 2011 жыл