"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" мәслихаттың 2005 жылғы 21 қазандағы № 189 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-28 тіркелген, 2005 жылдың 8 қарашасында "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "Целинниктер алаңы (Спорт сарайы ауданында Таран көшесі)" деген сөздер "Герцен көшесі бойындағы Текстильщиков аллеясына іргелес аумақ" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
№ 4 сайлау округі | |
бойынша депутаты | А. Айдосов |
Қостанай қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Г. Уралова |