Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына, 2010 жылғы 18 ақпандағы № 2 сараптама қорытындысына сәйкес және статистикалық мәліметтердің негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде 867 жұмыс орнымен мүгедектер үшін 2010 жылға арналған квота белгіленсін.
2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
1) мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шаралар қолдансын;
2) мүгедектерді квота есебінен жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный
қаласының әкімі Н. Денинг