Мүгедектер үшін 2010 жылға арналған жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 наурыздағы № 223 қаулысы. Қостанай облысы Рудный қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 сәуірде № 9-2-158 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 5-2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1)-тармақшасына, 2010 жылғы 18 ақпандағы № 2 сараптама қорытындысына сәйкес және статистикалық мәліметтердің негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде 867 жұмыс орнымен мүгедектер үшін 2010 жылға арналған квота белгіленсін.
      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
      1) мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шаралар қолдансын;
      2) мүгедектерді квота есебінен жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный
      қаласының әкімі                            Н. Денинг

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады