Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5) тармақшасы, 20-бабының 5-тармағы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерінің 6, 7, 8-тармақтарының негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011.04.25 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін 2011 жылға белгіленген ең төменгі айлық жалақыдан кем емес мөлшерде жергілікті бюджеті қаражаты есебінен жүргізілсін.
3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде әлеуметтік салықты төлеуге және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемдеріне, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақы есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне делдалдық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджеті қаражатынан өтелетіні белгіленсін.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде көрсетілген ұйымдар арасында қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.
5. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Рудный қаласы әкімдігінің "Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі тізбеде белгіленген ұйымдар көрсететін жұмыстар мен қызметтерге төлеу кезінде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерін ескерсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Рудный қаласының әкімі Н. Денинг
КЕЛІСІЛДІ:
"Качарец" пәтер иелері
тұтыну кооперативінің
төрағасы
__________ Д. Ережепов
"Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Қостанай облысы әділет
департаментінің Рудный
қаласының әділет
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________ Ж. Бірімжанова
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі тіркеу
қызметі және құқықтық
көмек көрсету комитетінің
"Қостанай облысы бойынша
жылжымайтын мүлік жөніндегі
Орталығы" Республикалық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының Рудный
филиалының басқарушысы
__________________ Д. Зуев
"Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Салық
комитеті Қостанай облысы
бойынша салық департаментінің
Рудный қаласы бойынша салық
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ О. Рабченюк
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысының ішкі
істер департаменті Рудный
қаласының ішкі істер
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________ Қ. Сатыбалдин
"Қостанай облысы Рудный
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Ғ. Шалтықов
"Рудный қалалық мемлекеттік
мұрағаты" "Қостанай облысының
мемлекеттік мұрағаты"
мемлекеттік мекеме филиалының
меңгерушісі
__________________ Қ. Тілеуова
Әкімдіктің
2010 жылғы 15 қарашадағы
№ 1199 қаулысымен бекітілді
Әкімдіктің
2011 жылғы 22 шілдедегі
№ 917 қаулысымен бекітілді
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемдері, қоғамдық жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2011.04.25 № 410 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді); өзгерту енгізілді - 2011.07.22 № 917 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ |
Ұйымның атауы |
Жұмыс түрлері |
Жұмыс |
1 |
Рудный қаласы |
Жұмыскердің алдын |
1992 |
2 |
"Қашар поселкесі |
Жұмыскердің алдын |
3952 |
3 |
"Қазақстан Республикасы |
Жұмыскердің алдын |
13520 |
4 |
"Қазақстан Республикасы |
Жұмыскердің алдын |
29880 |
5 |
"Қостанай облысы Рудный |
Жұмыскердің алдын |
3984 |
6 |
"Қазақстан Республикасы |
Жұмыскердің алдын |
29880 |
7 |
"Қазақстан Республикасы |
Жұмыскердің алдын |
19920 |
8 |
"Рудный қаласы әкімінің |
Жұмыскердің алдын |
9488 |
9 |
"Рудный қалалық |
Жұмыскердің алдын |
1992 |
10 |
Қазақстан Республикасы |
Жұмыскердің алдын |
8768 |
11 |
Рудный қаласы |
Жұмыскердің алдын |
15360 |
12 |
Рудный қаласы |
Жұмыскердің алдын |
24000 |
13 |
Рудный қаласы |
Жұмыскердің алдын |
79680 |
14 |
"Качарец" пәтер иелері |
Жұмыскердің алдын |
39520 |
15 |
Рудный қаласы |
Жұмыскердің алдын |
3984 |
16 |
Мүгедектерді қалыпқа |
Жұмыскердің |
1712 |
кестенің жалғасы:
№ |
Ұйымның атауы |
Еңбекақы |
Жұмыс жағдайлары |
1 |
Рудный қаласы |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
2 |
"Қашар поселкесі |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
3 |
"Қазақстан |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
4 |
"Қазақстан |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
5 |
"Қостанай облысы |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
6 |
"Қазақстан |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
7 |
"Қазақстан |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
8 |
"Рудный қаласы |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
9 |
"Рудный қалалық |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
10 |
Қазақстан |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
11 |
Рудный қаласы |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
12 |
Рудный қаласы |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
13 |
Рудный қаласы |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
14 |
"Качарец" пәтер |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
15 |
Рудный қаласы |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |
16 |
Мүгедектерді |
Ең |
Қоғамдық жұмыстарға |