Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 19, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын орындау үшін, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.
3. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
1) облыстық жиын пунктіне әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін;
2) Алынып тасталды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010.08.23 № 422 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4. Селолық округтер мен ауылдардың, селолардың әкімдері "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде аудандық шақыру және медициналық комиссияларына әскерге шақырылушылардың уақтылы келулерін хабардар етілуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақыруды жүргізу және команданы жөнелту кезінде ұсынылсын:
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды жүргізсін;
2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылушылар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қолдау үшін тәулік бойы полиция нарядын бөлсін.
6. "Жітіқара ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскери қызметке шақырылуға байланысты, іс-шараларды қаржыландыруды "Бәріне ортақ әскери міндеттіліктің орындалуы шеңберіндегі іс-шаралар" бағдарламасы бойынша 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылғандай қаражат есебінен жүзеге асырсын.
7. Әскери қызметке шақыруды өткізудің (қоса ұсынылған) кестесі бекітілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың сәуірінен бастап пайда болған, іс-әрекеттерге таратылады.
Жітіқара ауданының әкімі Қ. Испергенов
КЕЛІСІЛГЕН
"Жітіқара ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________ В. Никитченко
2010 жылғы 16 сәуір
№ 185 әкімдік қаулысымен
бекітілген
Әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
№ |
Елді |
Әскерге |
Шақыру |
1. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 12 сәуір |
2. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 13 сәуір |
3. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 14 сәуір |
4. |
Пригородный ауылы |
20 |
2010 жылғы 15 сәуір |
5. |
Забеловка селосы |
28 |
2010 жылғы 15 сәуір |
6. |
Аққарға селосы |
13 |
2010 жылғы 16 сәуір |
7. |
Степной селосы |
7 |
2010 жылғы 16 сәуір |
8. |
Тоқтаров селолық |
11 |
2010 жылғы 16 сәуір |
9. |
Приречный селосы |
12 |
2010 жылғы 16 сәуір |
10. |
Волгоград селосы |
9 |
2010 жылғы 19 сәуір |
11. |
Мүктікөл селолық |
10 |
2010 жылғы 19 сәуір |
12. |
Большевик селолық |
14 |
2010 жылғы 19 сәуір |
13. |
Тимирязев селосы |
5 |
2010 жылғы 19 сәуір |
14. |
Шевченковка |
5 |
2010 жылғы 19 сәуір |
15. |
Милютин селосы |
10 |
2010 жылғы 20 сәуір |
16. |
Чайковский ауылы |
12 |
2010 жылғы 20 сәуір |
17. |
Ырсай селосы |
7 |
2010 жылғы 20 сәуір |
18. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 21 сәуір |
19. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 22 сәуір |
20. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 23 сәуір |
21. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 4 қазан |
22. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 5 қазан |
23. |
Тоқтаров селолық |
16 |
2010 жылғы 6 қазан |
24. |
Волгоград селосы |
12 |
2010 жылғы 6 қазан |
25. |
Мүктікөл селолық |
12 |
2010 жылғы 6 қазан |
26. |
Тимирязев селосы |
12 |
2010 жылғы 7 қазан |
27. |
Степной селосы |
12 |
2010 жылғы 7 қазан |
28. |
Шевченковка |
7 |
2010 жылғы 7 қазан |
29. |
Милютин селосы |
16 |
2010 жылғы 7 қазан |
30. |
Чайковский ауылы |
18 |
2010 жылғы 8 қазан |
31. |
Аққарға селосы |
15 |
2010 жылғы 8 қазан |
32. |
Ырсай селосы |
10 |
2010 жылғы 8 қазан |
33. |
Забеловка селосы |
24 |
2010 жылғы 11 қазан |
34. |
Пригородный ауылы |
25 |
2010 жылғы 11 қазан |
35. |
Большевик селолық |
33 |
2010 жылғы 12 қазан |
36. |
Приречный селосы |
18 |
2010 жылғы 12 қазан |
37. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 13 қазан |
38. |
Жітіқара қаласы |
50 |
2010 жылғы 14 қазан |