Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында жіне қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 185 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 сәуірде № 9-10-140 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 19, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығын орындау үшін, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ, он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Аудандық шақыру және медициналық комиссияларының жұмысы ұйымдастырылсын.
      3. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) облыстық жиын пунктіне әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етсін;
      2) Алынып тасталды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010.08.23 № 422 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. Селолық округтер мен ауылдардың, селолардың әкімдері "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде аудандық шақыру және медициналық комиссияларына әскерге шақырылушылардың уақтылы келулерін хабардар етілуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігінің Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақыруды жүргізу және команданы жөнелту кезінде ұсынылсын:
      1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіруді және ұстауды жүргізсін;
      2) аудандық әскерге шақыру пунктінде әскерге шақырылушылар ортасында қоғамдық тәртіпті сақтауды қолдау үшін тәулік бойы полиция нарядын бөлсін.
      6. "Жітіқара ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі әскери қызметке шақырылуға байланысты, іс-шараларды қаржыландыруды "Бәріне ортақ әскери міндеттіліктің орындалуы шеңберіндегі іс-шаралар" бағдарламасы бойынша 2010 жылға арналған аудандық бюджетте қарастырылғандай қаражат есебінен жүзеге асырсын.
      7. Әскери қызметке шақыруды өткізудің (қоса ұсынылған) кестесі бекітілсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың сәуірінен бастап пайда болған, іс-әрекеттерге таратылады.

      Жітіқара ауданының әкімі                 Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Жітіқара ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ В. Никитченко
 

2010 жылғы 16 сәуір   
№ 185 әкімдік қаулысымен 
бекітілген        

Әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
 


р/с

Елді
мекендердің
атаулары

Әскерге
шақырылушылар
саны

Шақыру
комиссиясының
жүргізілу күні

1.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 12 сәуір

2.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 13 сәуір

3.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 14 сәуір

4.

Пригородный ауылы

20

2010 жылғы 15 сәуір

5.

Забеловка селосы

28

2010 жылғы 15 сәуір

6.

Аққарға селосы

13

2010 жылғы 16 сәуір

7.

Степной селосы

7

2010 жылғы 16 сәуір

8.

Тоқтаров селолық
округі

11

2010 жылғы 16 сәуір

9.

Приречный селосы

12

2010 жылғы 16 сәуір

10.

Волгоград селосы

9

2010 жылғы 19 сәуір

11.

Мүктікөл селолық
округі

10

2010 жылғы 19 сәуір

12.

Большевик селолық
округі

14

2010 жылғы 19 сәуір

13.

Тимирязев селосы

5

2010 жылғы 19 сәуір

14.

Шевченковка
селосы

5

2010 жылғы 19 сәуір

15.

Милютин селосы

10

2010 жылғы 20 сәуір

16.

Чайковский ауылы

12

2010 жылғы 20 сәуір

17.

Ырсай селосы

7

2010 жылғы 20 сәуір

18.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 21 сәуір

19.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 22 сәуір

20.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 23 сәуір

21.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 4 қазан

22.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 5 қазан

23.

Тоқтаров селолық
округі

16

2010 жылғы 6 қазан

24.

Волгоград селосы

12

2010 жылғы 6 қазан

25.

Мүктікөл селолық
округі

12

2010 жылғы 6 қазан

26.

Тимирязев селосы

12

2010 жылғы 7 қазан

27.

Степной селосы

12

2010 жылғы 7 қазан

28.

Шевченковка
селосы

7

2010 жылғы 7 қазан

29.

Милютин селосы

16

2010 жылғы 7 қазан

30.

Чайковский ауылы

18

2010 жылғы 8 қазан

31.

Аққарға селосы

15

2010 жылғы 8 қазан

32.

Ырсай селосы

10

2010 жылғы 8 қазан

33.

Забеловка селосы

24

2010 жылғы 11 қазан

34.

Пригородный ауылы

25

2010 жылғы 11 қазан

35.

Большевик селолық
округі

33

2010 жылғы 12 қазан

36.

Приречный селосы

18

2010 жылғы 12 қазан

37.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 13 қазан

38.

Жітіқара қаласы

50

2010 жылғы 14 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады