2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезенде "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 4 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 желтоқсанда № 9-10-152 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына сәйкес, ШЕШТI:
      1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезенде "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тiркеу жылында он жеті жасқа толатын, Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (келісім бойынша):
      1) әскери оқу орындарына үміткерлер іріктеуге, нарядты білім беру ұйымдарына жеткiзсін;
      2) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар жарияласын.
      3. Селолар, селолық округтер мен ауылдар әкімдері шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың дер кезінде келуін хабарласын және қамтамасыз етсін.
      4. Шешімнің орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
      5. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі                   Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қостанай облысы Жітіқара
      ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ М. Абраев

Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Житикаринского района Костанайской области" в период с января по март 2011 года

Решение акима Житикаринского района Костанайской области от 29 ноября 2010 года № 4. Зарегистрировано Управлением юстиции Житикаринского района Костанайской области 20 декабря 2010 года № 9-10-152

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 3 статьи 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", РЕШИЛ:
      1. Организовать и обеспечить приписку граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Житикаринского района Костанайской области" в период с января по март 2011 года.
      2. Рекомендовать государственному учреждению "Отдел по делам обороны Житикаринского района Костанайской области" (по согласованию):
      1) довести до организаций образования наряд на отбор кандидатов в военные учебные заведения;
      2) опубликовать объявления в средствах массовой информации о начале работы по отбору кандидатов в военные учебные заведения.
      3. Акимам сел, сельских округов и аулов оповестить и обеспечить своевременное прибытие граждан, подлежащих приписке к призывному участку.
      4. Контроль за исполнением решения возложить на заместителя акима Житикаринского района Актаеву С.Ж.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Житикаринского района                 К. Испергенов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел по делам
      обороны Житикаринского района
      Костанайской области"
      ___________________ М. Абраев