Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабы 3 тармағына сәйкес, ШЕШТI:
1. 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейінгі кезенде "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тiркеу жылында он жеті жасқа толатын, Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. "Қостанай облысы Жітіқара ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын (келісім бойынша):
1) әскери оқу орындарына үміткерлер іріктеуге, нарядты білім беру ұйымдарына жеткiзсін;
2) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу жөніндегі жұмыстың басталғаны жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар жарияласын.
3. Селолар, селолық округтер мен ауылдар әкімдері шақыру учаскесіне тіркелуге жататын азаматтардың дер кезінде келуін хабарласын және қамтамасыз етсін.
4. Шешімнің орындалуын бақылау Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі Қ. Испергенов
КЕЛІСІЛГЕН:
"Қостанай облысы Жітіқара
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
___________________ М. Абраев