"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Қарабалық ауданы әкімінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 01-09/519 хатын қарастырып, мамандарына қажеттілікті ескере отырып, Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2010 жылы тұрғын үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он екінші сессия төрағасы С. Лысоченко
Аудандық мәслихатының хатшысы А. Төлебаев
КЕЛІСІЛДІ
"Қарабалық ауданының кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
________________ А. Бейсембаев
"Қарабалық ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ Н. Бодня