Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 24.12.2015 № 304 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысына орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 80 %-ке азайту жолымен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыстарды есептеу үшін статистика органдарымен ұсынылатын бағаларды түзетуі белгіленсін.
2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға үміткердің жеке қосалқы шаруашылығынан алынған табыстарды есептегенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауданы әкімінің
міндетін атқарушысы Н. Әбдірахманов