РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға арналған халықтың мақсатты топтары болып мынадай санаттар анықталсын:
1) аз қамтылғандар;
2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды мұқтаж етеді деп танылған тұлғалары бар азаматтар;
6) Зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығудан екі жыл бұрын);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары білімнен кейінгі оқу ұйымдарының түлектері;
12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның жойылуына немесе жұмыс беруші - заңды тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмысшылар саны мен штатының қысқаруына байланысты, жұмыстан босатылған тұлғалар:
13) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген тұлғалар;
14) жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелген елу жастан асқан тұлғалар;
15) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21-ден 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
16) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған жұмыссыз тұлғалар;
17) техникалық және кәсіби, сондай-ақ орта білімнен кейін білім беретін ұйымдардың түлектері;
18) толық емес жұмыс күні тәртібі бойынша жұмыс істейтін тұлғалар.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2010.04.27 № 258 қаулысымен.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі Г. Тюркин
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ М. Жусупов