"2010 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 54 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 258 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 21 мамырда № 9-14-128 тіркелді

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2010 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 54 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-14-123 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 2 сәуірде "Арна" газетінде ресми жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтың 17)-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
      "техникалық және кәсіби, сондай-ақ орта білімнен кейін білім беретін ұйымдардың түлектері".
      2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндеттерін атқарушы                       А. Кириченко

      КЕЛІСІЛДІ

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ М. Жусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады