"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2010 жылға арналған халықтың мақсатты топтарын анықтау туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 54 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-14-123 нөмірімен тіркелген, 2010 жылы 2 сәуірде "Арна" газетінде ресми жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 17)-тармақшасы мына редакцияда жазылсын:
"техникалық және кәсіби, сондай-ақ орта білімнен кейін білім беретін ұйымдардың түлектері".
2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің
міндеттерін атқарушы А. Кириченко
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай ауданы әкімдігінің
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ М. Жусупов