"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы тұрғын үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихаттың
хатшысы В. Леонов
КЕЛІСІЛДІ
"Меңдіқара ауданының
кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылық бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________ А. Ковальчук
2010 жылғы 22 желтоқсанда
"Меңдіқара ауданының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
___________ Г. Әйсенова
2010 жылғы 22 желтоқсанда