Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Жаңа

Қостанай облысы Мендіқара ауданы мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 393 шешімі. Қостанай облысы Мендіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 қаңтарда № 9-15-141 тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы тұрғын үй сатып алуға көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    В. Леонов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Меңдіқара ауданының
      кәсіпкерлік және ауыл
      шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      __________ А. Ковальчук
      2010 жылғы 22 желтоқсанда

      "Меңдіқара ауданының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      ___________ Г. Әйсенова
      2010 жылғы 22 желтоқсанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады