"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес және Таран ауданы прокурорының 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 7-2-127-10 наразылығының негізінде Павлов селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Павлов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" Павлов селолық округі әкімінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 1 шешіміне мемлекеттік тілде (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 9-18-100 нөмірінде тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"9) № 9 атаусыз тұйық көшесіне – Специалисттер тұйық көшесі;";
3 тармақтың 11) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"11) № 11 атаусыз тұйық көшесіне – Специалисттер тұйық көшесі.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлов селолық округі
әкімінің міндетін атқарушы М. Жортынбаев