"Павлов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" Павлов селолық округі әкімінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Павлов селолық округі әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 3 шешімі. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 мамырда № 9-18-117 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес және Таран ауданы прокурорының 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 7-2-127-10 наразылығының негізінде Павлов селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. "Павлов селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" Павлов селолық округі әкімінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 1 шешіміне мемлекеттік тілде (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 9-18-100 нөмірінде тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1 тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "9) № 9 атаусыз тұйық көшесіне – Специалисттер тұйық көшесі;";
      3 тармақтың 11) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "11) № 11 атаусыз тұйық көшесіне – Специалисттер тұйық көшесі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлов селолық округі
      әкімінің міндетін атқарушы                 М. Жортынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады