Ескерту. Атауына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл селолық округі әкімінің аппаратының 07.03.2014 № 01-ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2-тармағының және тұрғындардың пікірлерін еске ала отырып негізінде ШЕШТІМ:
1. Ұзынкөл ауылындағы Комсомольская көшесін Бауыржан Момышұлы атындағы көшесі деп қайта аталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл селолық округі әкімінің аппаратының 07.03.2014 № 01-ө (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұзынкөл селосының әкімі Т. Крюковская
КЕЛІСІЛДІ:
"Ұзынкөл ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесі, бастықтын
міндетін атқарушы
_______________ С.Дюсекеева
"Ұзынкөл ауданының сәулет,
қала құрылысы және құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі, бастық
________________ С.Астапков