Ұзынкөл ауылы әкімінің 2010 жылғы 4 мамырдағы № 11 "Ұзынкөл селосындағы көшені қайта атау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ұзынкөл селолық округі әкімінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 01-ө шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 4574 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұзынкөл ауылы әкімінің 2010 жылғы 4 мамырдағы № 11 "Ұзынкөл селосындағы көшені қайта атау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-19-130 тіркелген, 2010 жылғы 20 мамырда "Нұрлы жол" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімінің мемлекеттік тіліндегі атауында және 1 - тармағында "селосындағы" сөздері "ауылындағы" сөздерімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ұзынкөл ауылдық
округінің әкімі
Қ. Құсаинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады